Сенбі, 2 Тамыз 2025
Билік 435 0 пікір 1 Тамыз, 2025 сағат 12:19

Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы келеді

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді.

Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір