Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 12 Тамыз, 2013 сағат 09:36

Айдос Сарым. Ұлттық мүддеге ағайыншылық жүрмейді

Ұлттың күн тәртібінде санадағы құлдықтан, отаршыл, тоталитарлық санадан арылу деген мәселе тұр.
Ол үшін қажет болатын болса ағайын-туыспен де, дос-жаранмен де айтысу керек шығар. Қазақ болу үшін, ұлт болу үшін жаға да жыртысу қажет. Ұлттық мүддеге ағайыншылық жүрмейді. Ешкімді ұрып-жықпай-ақ қоялық, бірақ аса ресейшіл, еуразияшыл, кеңесшіл таныстарымызды орын-орнына қойып, құл екендіктерін бетіне басып айтуымыз міндет сияқты. «Бауырым ғой, ағам ғой, досым ғой ит те болса» дегенді ұмыту керек. Тіпті арамыздан ажыраған күннің өзінде қайда барады олар? Өзімізден басқа кімге керек? Миы, ақылы болса, ешкімге керегі жоқ екенін түсініп, үйіріне қайта қосылады.
Екіншіден, КСРО-ға, тарихқа қатысты қисынсыз әңгіме айтып, қыртқандарға төзуге болмайды. Тарих - ұлттың ары, паспорты, жаны. Егер арыңды таптап, паспортыңды шимайлап, жаныңа түкіріп жатса, шыдап тұру - азаматтық пен адамилыққа жатпайды. Көкіп, лағып жатқандарға "Әй көке! Сен мықты шығарсың, бірақ лағып сөйлеуге қақың жоқ" деп беттерін қайтарып отырғанымыз абзал. Кім болса да.
Қолымызда теледидар жоқ. Бірақ қазақи қатынастарымыз, туыстығымыз теледидардан да күшті құрал. Ортадан аластату, ортаға сыйғызбау - өте-мөте мықты құралдар. Оларды кезінде аталарымыз өте жақсы пайдаланған. Осындай дәстүрлерімізді жаңғыртып, қоғамдық, саяси ықпал ету құралына айналдырар кез келді.

Қалай ойлайсыздар, азаматтар?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373