Сенбі, 23 Қараша 2024
1396 3 пікір 5 Қазан, 2023 сағат 10:54

«Путин адам өлтіруші»: Ресей журналисті 8,5 жылға сырттай соттады

Мәскеудегі сот Бірінші арнаның бұрынғы редакторы Марина Овсянникованы соғысқа қарсы акциясы үшін 8,5 жылға сырттай соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот процесі сотталушының қатысуынсыз өтті, өйткені 2022 жылдың қазан айында Овсянникова қызымен бірге үй қамауынан қашып, шетелге кетіп қалған. Қазір оған қауіп төніп тұрған жоқ.

Журналистке 2022 жылдың шілдесінде Кремль жанында пикетке шыққаны үшін "саяси жеккөрушілік негізінде" Ресей армиясы туралы "жалған" ақпарат таратты деген айып тағылды. Сол кезде Овсянникова Украинада өлтірілген балалардың суреттері бейнеленген және "Путин – кісі өлтіруші, оның сарбаздары  – фашистер" деген жазуы бар плакат көтерген еді.

Бастапқыда прокурорлар бұл пикет үшін 9,5 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, бірақ сот журналисті сырттай 8,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Овсянникованың алғашқы көпшілік демонстрациясы емес. Ол өзінің алғашқы наразылығын кешкі жаңалықтардың тікелей эфирінде жеткізген. 2022 жылдың наурыз айында Бірінші арнаның қызметкері ретінде Овсянникова "Соғысты тоқтатыңдар! Үгіт-насихатқа сенбеңіздер, бұлар сіздерді алдап жатыр" деген жазуы бар плакатпен “Время” жаңалықтар бағдарламасының тікелей эфиріне шыққан. Сол күні ол митингілерге шығуға шақырған бейнеүндеу жазды. Бұл үшін журналист "хабарламасыз қоғамдық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін" кінәлі деп танылып, 30 мың рубль айыппұл арқалады.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5355