Сенбі, 23 Қараша 2024
1511 4 пікір 5 Қазан, 2023 сағат 14:42

Конституциялық сот Мамайдың шағымын қараудан бас тартты

Бұл туралы тіркелмеген Демпартия көшбасшысының жұбайы, журналист Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыдан бірер уақыт бұрын Жанболат Мамайдың адвокаты Ернар Кенжебаев сот шешімінің Ата заңға қайшылығын негіздеп, Конституциялық сотқа арызданған. Адвокат қорғау құқығы бұзылды деп есептейді, өйткені прокурор алдымен орташа ауырлықтағы баптармен айыптау қорытындысын шығарды, содан кейін оларды сот талқылауы кезінде ауыр деп санады, бұл сот пен заң алдында барлығының тең болуына мүмкіндік беретін Конституцияға қайшы. 

“Жауап көп күттірмеді: адвокаттың шағымын қараудан бас тартты. Конституциялық Сот «сот актілерінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің даулы нормаларын соттардың тікелей қолдануына ешқандай сілтемелер жоқ» дегенге сілтеме жасайды. Үндеуде барлық сілтемелер мен құжаттар көрсетілгенін еш ескермеген”, – дейді Инга Иманбай.

Адвокат Кенжебаев тағы да Конституциялық сотқа шағымданбақшы, содан кейін Жоғарғы сотқа кассациялық шағым дайындауға ниетті.

“Одан кейін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті – әділдікке қол жеткізе алатын жалғыз халықаралық орган қалады. Ол мүмкіндікті де пайдаланамыз. Жанболат толық ақталғанша күресті тоқтатпаймыз!”, – деп жазды журналист.

Еске салайық, сот Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде . Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды. Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

Маусымда апелляциялық сот тіркелмеген Демпартия көшбасшысына шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Мамай ісін зерделеген БҰҰ жұмыс тобы Қазақстан үкіметіне үндеу жолдап, белсендінің негізсіз сотталғанын айтқан.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364