Сенбі, 23 Қараша 2024
1241 0 пікір 9 Қазан, 2023 сағат 12:51

Түркіменстанда VPN қолданушыларды ұстап жатыр

Түркіменстанда VPN қолданушылар көбейген сайын оны орнатушыларға қысым артты. Интернетті бұғаттау салдарынан елде VPN қызметіне сұраныс жоғары.

Билік тыйымдары мен қудалаулары мұндай бағдарлама орнатушыларды астыртын жұмыс істеуге мәжбүрледі. VPN орнату – Түркіменстанда қауіпті жұмыс.

Ашғабатта VPN орнатушыларды тағы ұстай бастады. Олардың кейбірі 15 тәулікке қамалды. Азаттықтың Түркімен қызметі тілшілерінің хабарлауынша, қауіпсіздік қызметтері бірнеше адамды қолға түсірген.

"3 қазанда ұсталған адамдарды қауіпсіздік қызметі алдау арқылы анықтаған. Олар полиция басқармасына түсті. 15 тәулікке қамалып, 15 мың манат айыппұл салынды " дейді дереккөз.

Түркімен билігі елде интернетті толық бақылауда ұстауға тырысып жатыр. VPN орнатушыларға ғана емес, осындай қызмет қолданушыларға да қысым күшейді. Мемлекет қызметкерлері мен оқушылардың телефондарын тексеру әдеттегі іске айналған. Жоғары оқу орындарында мұғалімдерден әлеуметтік желілерге кірмеу жөнінде қолхат алады.

Түркіменстан баспасөз бен интернет бостандығы рейтингінде әлем елдері ішінде ең соңғы орындардың бірінде тұр. 2022 жылы Түркіменстан интернеті ең қымбат әрі баяу істейтін елдер тізіміне еніп, интернетті жиі бұғаттайтын он елдің қатарынан табылды.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385