Сенбі, 23 Қараша 2024
1560 2 пікір 9 Қазан, 2023 сағат 13:23

«Темір қылыш» операциясы: Қазіргі ахуал қалай?

Бүгін ЦАХАЛ бастаған «Темір қылыш» операциясының үшінші күні бүкіл әлемде онлайн-репортаж түрінде БҰҰ ресми тілдерінде хабар тарату үстінде.

«Темір қылыш» операциясы ХАМАС біріккен диверсиялық шабуылына қарсы жауап ретінде әрі жер және әуе соққыларынан басталды.

1-ші және 2-ші күннің хроникасын әлем жұртшылығына ұсынушылар «Шайтанмен уағадаластық» деген атаумен «Газадағы ХАМАС билігін құрту жолында Нетаниягуге не кедергі?» деген сауалдар қойып, түрлінше жауап берді.

Израиль қауіпсіздік жүйесі «жоспарлаған, дайындаған және бұйрық берген» Иран дегенге бек сенімді деген мәліметті «11 КАН» және «КАН Решет бет» әскери тілшісі Кармела Менаше осы туралы жария етті.

Әлем елдері осы екі күн ішінде осы оқиғаға қатысты түрлі жағдайды бастан кешті. Еуропада Алмания, Франция, Ұлыбритания, Испания және Италияда еврейлік нысандар қорғауға алынды. Синагогалар мен евреймектептері төңірегіне қарулы жасақтар шоғыраландырылды.

АҚШ Флорида штатының Форт-Лодердейл қаласында «Темір қылыш» операциясына байланысты еврейшіл және құдысшыл демонстранттар арасында қақтығыс орын алып, полиция оған қатысушы екі жақтың белсенді мүшелерін тұтқынға алды.

Таиланд СІМ өздерінің 11 азаматының тұтқынға түскенін мәлімдеді. Газада 150 тарта тұтқынның ішінде басқа мемлекеттің азаматтары да бар.

Польша Бен-Гурионға ұшақ жіберіп осы елдегі өз азаматтарын эвакуациялады.

«Темір қылыш» операциясы басталғаннан бері дәл қазір Газа секторында 436 бейбіт тұрғын көз жұмып отыр.

Осы екі күн ішінде ЦАХАЛ баспасөз қызметі «Темір қылыш» операциясы барысында қаза тапқандардың тізімін жария етті.

Венгрия Израильдегі 215 азаматын елдеріне қайтарды.

Таңертеңгі 8:00-дегі соңғы дерек бойынша, 9 қазан дүйсенбі күні ХАМАС лаңкестік шабулынан 2382 израильдік зардап шегіп, 22 адам хал үстінде, 345 жан аса ауыр қалде, 462 адам орташа дәрежедегі жарқат алса, қалғандарының алған жарақаттары жеңіл-желпі.

Елдің валютасы 1 долларға 3,9-да, 1 евроға 4,12 шекельге өскендігі мәлімделді.

«Әль-Джазира» Газада Израиль шабуылынан 23 құдыстықтың қаза тапты, оның ішінде Ұлттық Қарсыласу Комитетінің белді Рафат Абу-Хилал опат болды деп жария етті.

БАӘ СІМ-і ХАМАС-ты айыптап мәлімдеме жасады.

Лаңкестермен Сдерот маңындағы Отеф-Азада болған шайқасты бригадалық генерал Роман Гофман ауыр жарақат алды. Бірнеше ота жасалып беті бері қарауда дейді Израиль БАҚ.

Иранның БҰҰ төтенше өкілі мәлімдеме жасап, Израильге жасалған шабуылға еш қатысты жоқтығын алға тартты. «...Құдыстың батыл шешімі 70 жылдан бері оккупацияланған туған жерін қорғау және қылмысты да, заңсыз сионистік режімінің золық-зомбылығынан қорғану болып табылады... Бұл жұрт мақтаған израиль барлауының масқарасы шығып, айкәпір болуы. Енді осы масқарасы шығуын ақтау үшін барлық сәтсіздігін Иранға арта салуда. Олар құдыстық ұйымнан жеңіліске ұшырағанына еш төзгісі келмейді». Одан кейін өкілетті елші операцияның сәтті болуы тұтқиылдан жасалуынан деген сөзін қосты.

Бұрын ғылым министрі болған Изхар Шайдың ұлы 21 жасар Ярон Керем-Шалом өңірінде лаңкестермен болған атыс-шабыста қаза тапты.

NBA (Ұлттық баскетбол ассоциация) Израильді қолдап, өз әлеуметтік желісінде: «Біз Израильдегі адамдар өліміне қамығып, лаңкестік актіні айыптаймыз. Біз Израиль халқын қолдаймыз» деп жазды.

Газада «Шаетет 13» элиталық әскери қосынының офицері және «Лотар» (Лехима бе-террор – элиталық жасақты дайындаумен айналысатын және арнайы операцияларға тікелей қатыастын бөлімше) командирі 42 жасар полковник Эли Гинсбур қаза тапты.

ХАМАС Израильге 1000 лаңкесін аттандырды.

Хеврондағы ЦАХАЛ блокпостына тракторға мінген лаңкес шабуыл жасады. Солдаттар лаңкеске оқ жаудырып, ешкім жарақат алған жоқ.

ЦАХАЛ түні бойы әуеден және жерден 500 нысанға соққы жасады. Нәтижесінде 7 командалық пунктке, көпқабатты штаб ғимаратына тағы басқалары қиратылды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383