Алматы қалалық полициясының көші-қон қызметі Тәжікстан мен Өзбекстанның 48 азаматы депортацияланғанын хабарлады. Олардың бәрі қыркүйекте басталып, әлі күнге дейін жүріп жатқан операция барысында ұсталған.
Алматы полициясы елден депортацияланатындар үшін автобус ұйымдастырып, Өзбекстан шекарасына дейін жеткізіп тастаған.
Қалалық полиция мәліметінше, үш күн ішінде 464 шетел азаматы жауапқа тартылып, 88-і сот шешімімен елден шығарылған. Олардың арасында Тәжікстанның ондаған мигранты бар. Құжаты жоқ 237 шетел азаматы уақытша ұстайтын мекемеде отыр.
Кейінгі апталарда Қазақстандағы тәжік мигранттары ірі құрылыстарда, базарларға және шетел азаматтары көп жүретін жерлерде тексеру күшейгенін айтты. Қазақ билігі мұндай тексерулердің мақсаты – заңсыз мигрантты анықтау деп мәлімдеді.
Қазақстан тәжік мигранттары көп келетін екінші елге айналды. Тәжік мигранттарының дені Ресейде жұмыс істейді.