Сенбі, 23 Қараша 2024
Айбын 3145 3 пікір 11 Қазан, 2023 сағат 13:59

Қазақ, өзбек пен қырғыздың рәміздерге құрметі қалай?

Қазақтың әнұранның әуеде қалықтап, көк байрағымыздың заңғар аспанда желбірегеніне жүрегіміз үлпілдеп, әлемдік аренадағы қазақ спортының, алаш мәдениетінің бағы аспанданығына қуанатынымыз жасырын емес. Тап осындай қуанышқа, әсіре көңіл күйдегі шаттыққа бауырлас өзбек пен қырғыз қалай бөленіп жүр.

Олардың рәміздерді құрметтеуіне қатысты өзекжарды ойымызды осы мақалаға өзек етпекпіз. Бізбен бірге егемендікке қол жеткізген Өзбекстан мен Қырғызстан жұртшылығы да мемлекеттік рәміздерін мақтан етеді. Біз бауырлас елдердің мемлекеттік рәміздері қалай қабылданды сол төңірегінде сөз етпекпіз.

БҰҰ 203 мемлекеттің азаматтары өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұта алады. Солардың қатарына бауырлас әм қорада қойы, жастықта басы қосылған қос ел Қырғызстан мен Өзбекстанды да қосар едік. Тап біздегі сияқты әр қырғыз бен өзбек байрағының, әнұранның, елтаңбасы қандай мағына беретінін жүрегінің түпкіріне сақтай отырып, мақтанышпен ауызға алады.

ҚЫРҒЫЗСТАН

Өмірге келген әр нәрсете өзіне Отан таңдай алмайды, бірақ кіндік қаны тамған жерін өзіне Отан санап, оның ыстығына күйіп, суығына тонатын азамат болып өсіп жетіледі. Әр қырғызстандық үшін «Қырғызстан» сөзі қасиетті ұғым-түсінік екендігі еш дау тудырмайды. Барша мемлекеттік рәміздер осы сөздің бойына сыйып кеткен десек еш артық айтпаймыз.

Әлемдік картада шағын бірақ өр ел таңбаланған ол – көгілдір мәңгілік көктемді, азаттықты, күн сәулесінің арайын, асқақ та, даңқты жеңістерді паш ететін республика Қырғызстан! Иә, әр тәуелсіз мемлекеттің өзіндік дербес айшығы байрағы, әнұраны, елтаңбасы бар. Осындай дербес рәміздерге қырғыз елі 19 желтоқсанда иелік етті. Сондықтан бұл күні Қырғызстанда Мемлекеттік Рәміздер күні саналып, кең көлемде аталынып өтіліп келеді.

Біз бауырлас қырғыз елі турасында өзіндік тарихы, өзіндік мемлекеттік тілі, Қырғыз Республикасының Конституциясымен бекіген Рәміздері бар қалыптасқан әм кемелденген мемлекет деп айта аламыз. Мемлекеттік Рәміздері Қырғыз Республикасының  Конституциясымен бекіген оны елдің әрбір азаматы біліп, қадір тұтуға тиіс.

Қырғыз Республикасының Конституциясымен бекіген Мемлекеттік Рәміздері елдің түпқазығы болып табылады. Онда тек қана көркем образдар айшықталып қоймайды, барша қырғыздың өмірілік мұраты мен мүддесі айшықталған. Өйткені, қай елдің болмасын азматтары өз еілінің Рәміздерін мақтан тұтады. Бұл үшін сол елдің тарихын, рәміздерінің тарихи асқан асулары мен белестерін ұғына білуге тиіспіз.

1991 жылдың 31 тамызында Қырғыз КСР өз тәуелсіздігін алып, өзін Қырғыз Республикасы деп жариялады. Әрі көп кешікпей ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында тәуелсіз елдің жаңа символы мемлекеттік рәміздері өмірге келді.

Қырғыз Республикасының Ж.Садыков, Ш.Кулуевтердің сөзіне жазылған, музыкасын Н.Давлесов, К.Молдобасанов шығарған Әнұраны 1992 жылдың 18 желтоқсаныда қабылданды.  Аталған әнұранда қырғыз ұлтының еркіндікке талпынысы мен болашаққа деген үміті көрініс тапқандығын беймарал аңғара аламыз.

Қырғыз Республикасының авторлары   Асейин Абдраев пен Садырбек Дубанаев болып табылатын Елтаңбасы 1994 жылдың 14 қаңтарында Жогорку Кенеште қабылданды. Онда қанатын жайған таудың еркіндік сүйгіш ақ сұңқары елдің азаматтарның бостандық сүйгіш рухын танытады.

Сарқырап аққан Есіккөлдің суы өмірдің бастау бұлағын танытса, мақта мен бидай масақтары Қырығызстан халқының еңбекқорлығы мен береке-бірлігін айшықтайды.

Қырғыз байрағы да аса зор символикалық мәнге ие. Тудың қызыл түсті болуы Манастың алып тұлғасын танытса, ондағы қырық тармақты күн сәулесі қырғыз ұлтының қалыптасуына түрткі әм түпнегіз болған 40 көне тайпалардың айшықталуы дер едік. Осы шуағын шашқан 40 сәулелі күннің тура ортасына қырғыздың Түндүгі орналастырылған. Ол отбасының жылылығымен, қырғыз ұлтының мәңгілік мұратын танытады.

Осылайша, Қырығызстан Рәміздері аталған елдің өткенін, бүгінін және болашағын бейбармал танытып, өзге елдің азаматтарына осы бір ел турасында молынан мағұлмат бере алады.

Біздің Қазақстан сияқты қырғыз елі де көпұлты ел саналады. Қазір олар ортақ рәміздері аясында бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Қырғыз елінің әр тұрғыны өз жүрегінің түпкіріне ұлттық рәміздерін ұялатқан десек әсте қате айтпаймыз.

ӨЗБЕКСТАН

Өзбекстанның өз рәміздерін қабылдауы аталған елдің өз дербестігін әлем алдында айшықтаудан туындады. Рәміздерде өзбек ұлтының бір орталыққа топтасуы, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруы көрініс тапқандығын жақсы аңғара аламыз.

Өзбек байрағы мен әнұраны әлемге танымал десек артық айтпаймыз. Орталық Азиядағы халық саны көп және спорттық қағанатқа айналып отырған Өзбекстанды бүкіл әлем таниды. Оған куә 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 08 қазан аралығында ҚХР Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында Өзбекстан Республикасының Ұлттық құрамасы 5 орынды иеленіп зор жетістікке жетті.

Өзбекстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізе салысымен мемлекеттік рәміздерін өмірге әкелу жолында қызу жұмыстар жүргізе бастады. Тап осы бағытта әнұранды, елтаңбаны, туын өмірге әкелу жолында ізденістер басталып кетті. Мемлекетік Рәміздер тек қана бояулардың оңды солды қолданысы емес, аталған мемлекеттің халықының тарихи басып өткен барша кезеңін танытатын көркем образ, онда ел тарихының барша жүріп өткен жолы айшықтылып, ұлттың алға қойған мақсаты мен мүддесі көрініс табады. Әрі бұның барлығы жиылып келгенде азат елдің өз тәуелсіздігін паш ете білуінің төте жолын айшықтап көрсете біледі.

Өзбекстанның өз мемлекетік рәміздерін қабылдауы тек қана сән-салтанат емес, сонымен бірге әлемдік қауымдастықтан өзіне тиселі мүшелік орнын ойып тұрып алуының тарихи арайлы да, айбынды мезеті болды десек еш артық айтқандығымыз емес.

Өзбектің биліктегі элитасы уақытпен санаса отырып, жаңа заңдарды, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, Өзбекстанның елтаңбасы мен туына өзгертулер енгізуге бел шеше кірісті. Мемлекеттік кенепті әзірлеуге бірнеше ай қажет болды. 1991 жылы 18 қарашада Өзбекстан тәуелсіздігін паш еткен азаттық байрағы барлық мемлекеттік мекемелерінде көкке желбіретілді.

Бұл арада  бәріміз ескеруге тиіс жайт қандай ел болмасын өз  мемлекеттік рәміздерін өмірге әкелу кезінде өз ұлты бастан кешірген барша тарихи деректерге сүйеніп, елдік байрағының бойына өз халқына тән ең маңызды құндылықтарын айшықтауды мақсат тұтады. Осы фактор Өзбекстан рәміздерін жасау кезінде басты бағдар болды.

Бұрын өзбек топырағын аяқ басып көрмеген жан оны көзімен көрген сәтте осы елдің туының жоғарғы бұрышында ай мен жұлдыз бейнеленген бірнеше түсті жолақтарды ғана аңғарады.

Өзбекстан Республикасының туының  кенебі тарихи дәстүр, сабақтастық, мемлекеттің күші мен құдіретін білдіру мақсатында жоғарыдан төменге қарай үш түске көк, ақ және ашық жасыл боялған. Сонымен елдің туындағы көк түс аспан кеңістігі мен мөлдір суды, ақ түс пәктіктің белгісі – ойдың, ойдың, іс-әрекеттің тазалығын,  қызыл жіңішке жолақтар Өзбекстанның негізгі өзендері: Әмудария мен Сырдарияны паш етсе,  табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуы, құнарлылықтың жандануы – осының барлығы жасыл түспен бейнеленіп, осы реңкпен Өзбекстанның мемлекеттік туына қолданылған соңғы жолақ көп нәрседен сыр шертеді.

Сонымен қатар, ашық жасыл түстің діни мәні бар: бұл түс мұсылмандық сенімін білдіреді. Ондағы бейнелеген жұлдыздар мен жарты ай негізгі сенімі ислам болып табылатын жаңа тәуелсіз елдің пайда болуымен танытады. Жарты айдың жанында бір жылдағы әр айдың саны он екі жұлдызбен айшықталған. Сонымен бірге олар өзбектің көне мәдениеті мен тарихының белгісі.

3 посткеңестік елдер Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан Республикасы кеңестік әнұран әуенін әлі қолдананып келеді. Өзбекстаның мемлекеттік әнұранының (өзб. O‘zbekiston Respublikasining Davlat Madhiyasi) сөзі 1991 жылы, тәуелсіздік жарияланғанда кезде өзгертіліп қабылданды.

Бұл елдің мемлекеттік рәміздеріне елдің елтаңбасы да жатады.

1992 жылы 2 шілдеде Жоғарғы Кеңес Өзбекстанның елтаңбасын бекіткен заң қабылдады.

Мемлекеттің Елтаңбасында таулардың ар жағынан ашық аспаннан жарқырап шыққан күн сәулелері өз шуағын шашып, тау аңғарындағы төбелерден көгілдір өзен суы сарқырап ағады. Бұның сакральды мәні өзбектің айқын белгіленген мақсаттарын, асқақ та адал мұраттарын айшықтайды десек, әсте қалп айтпаймыз.

Республика символындағы Хумо құсы бейнесы халықтың еркіндікке деген адалдығы мен сүйіспеншілігін, елтаңбаның бір жағы піскен мақта қозаларымен, ал, келесі жағында бидайдың алтын масағы көрініс тапқан. - Жарты ай мен жұлдыз белгілері даналықтың, салт-дәстүрлері мен құндылықтарына адалдықтың нышандарын айшықтайды.

Бауырлас қос елде өз рәміздерінде өткені мен бүгінін әм болашағын жан-жақты ашып көрсете алғандығы өзге түркі халықтары өкілдерін өзіне тәнті етеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434