Дүйсенбі, 4 Мамыр 2026
Жаңалықтар 87 0 пікір 4 Мамыр, 2026 сағат 14:16

Балқаштың қолды болған жерлері қайтарылды!

Сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтынан алынды.

Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

Тексеру барысында Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектарды құрайтын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені анықталды, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот департаменттің талап қою арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1411
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1127