Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1272 0 пікір 16 Қазан, 2023 сағат 11:15

БҚО: ЖОО қызметкерлері жемқорлық күдігіне ілікті

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері қаражат жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлады.

Оның айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.

Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.

«Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған.

Бұған қарамастан, атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде», - делінген ұсынылған мәліметте.

Abai.kz

0 пікір