Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4701 0 пікір 20 Тамыз, 2013 сағат 06:43

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көш бастап келеді

ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 1 қыркүйегі  мен 2013 жылдың тамыз айы аралығында  толықтай қазақ тілінде хабар таратуға көшкен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 100 мыңнан жоғары тұрғындары бар елді мекендер арасында 55% орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен рейтінгісі 47% пайызға өсті.

Бұл -  «Қазақстан» телеарнасы тарихындағы бұрын соңды болмаған үлкен жетістік.

 2013 жылдың  қаңтар-ақпан айларында  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында 23,2% орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шыққаны белгілі. Осылайша 6+ бағамы бойынша, (6 жастан жоғары қазақ және орыс тілді көрермендер арасында) Ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да отандық өзге телеарналардың алдына шығып, көш бастағанын хабарлаған едік.   

ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 1 қыркүйегі  мен 2013 жылдың тамыз айы аралығында  толықтай қазақ тілінде хабар таратуға көшкен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 100 мыңнан жоғары тұрғындары бар елді мекендер арасында 55% орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен рейтінгісі 47% пайызға өсті.

Бұл -  «Қазақстан» телеарнасы тарихындағы бұрын соңды болмаған үлкен жетістік.

 2013 жылдың  қаңтар-ақпан айларында  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында 23,2% орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шыққаны белгілі. Осылайша 6+ бағамы бойынша, (6 жастан жоғары қазақ және орыс тілді көрермендер арасында) Ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да отандық өзге телеарналардың алдына шығып, көш бастағанын хабарлаған едік.   

«Қазақстан» Ұлттық арнасы 2011 жылдың қыркүйегінен 100% қазақ тілінде хабар тарата бастады.  Ұлттық арнаның рейтинг жинап, үлкен сұранысқа ие болуы кездейсоқтық емес екенін  ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының бүгінгі мәліметтері дәлелдеп отыр. «Қазақстан» Ұлттық арнасы халықтың сұранысын қанағаттандырып, көрерменнің көкейіндегісін таба білуде көш бастап келді.

100% мемлекеттік тілде хабар тарататын «Қазақстан» телеарнасы алдағы

жаңа маусымда көрермендерді  жаңа жобаларымен қайран қалдыруға асығуда.

 Биылғы күзде де  халықтың сүйікті арнасы өз көрермендерін  көзайым жобаларымен қуантпақшы.  Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА бұрын соңды болмаған мега-жобалар,   ақпараттық-сараптамалық, деректі-танымдық жобалар, жаңа ток-шоулар мен көңіл жадырататын  ойын-сауық  және музыкалық сазды бағдарламаларын ұсынады.  Қыркүйек айында көрерменнің ерекше сұранысына ие болған отандық телехикаялардың жаңа бір легінің тұсауы кесіледі. Сіз отандық телехикаялармен бірге әлемнің озық кинокомпаниялары түсірген көркем кинотуындылар  мен деректі  фильмдерді тамашалай аласыз. Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА ұсынатын жаңа жобарларға қысқаша шолу жасап көрейік:

МЕГАЖОБАЛАР

Ұлттық арна көрермендері жаңа маусымда мегажоба «Қазақстан дауысын» тамашалай алады. Бұл жәй талант-шоу емес, бұл ғажап дауыс иелерін анықтайтын, оларды елге танылған күміс көмейлермен қатар қоятын тартымды жоба. Мұнда кәсіби әншілер байқауға қатысушыларға өздері көмектесіп, бар білгендерін үйретеді. Бірақ өз шәкірттерін қанша қолдап, жаны ашығанымен ең мықтысын таңдауы керек. Бұл тележоба әлемнің 35 елінде көрсетіліп, барлығында ең жоғары рейтинг жинады. Америкалық нұсқасында экран алдына 37 миллионнан астам көрерменді жинап, барлық тележобаны артта қалдырды.

ЖАҢА  ЖОБАЛАР

«Ұлттық-шоу» - кең ауқымды музыкалық жоба, көңіл-ашар шоуды ұсынады. Экранда бар, бұрын болған көпшілік музыкалық бағдарламалардан айырмашылығы сол – бір жанрды ғана емес, көрерменнің алуан-түрлі талғамын, қалауын ескере отырып, 7 түрлі бағытты қамтитын хабар жасалмақ. Олар: 1)Дәстүрлі ән кеші; 2)Еуропаның классикалық музыка кеші; 3)Эстрадалық ән кеші; 4)Поэзия және бардтар кеші; 5)Би кеші; 6)Этно-фольк жанрындағы ән мен музыка кеші; 7)Ретро әндер кеші. Яғни, кез-келген көрермен көңіліне жағатын жанрды Ұлттық арна эфирінен таба алады.   

Тағы бір жаңа жоба  «Түнгі шоу Нұрлан Қоянбаевпен» деп аталады. Бұл жобаның өзге бағдарламалардан ерекшелігі -  жобада орынды қалжың арқылы саяси сын пікірлер мен ойландырар сауалдар болады.  Бағдарлама жүргізуші мен келген қонақты жанды дауыста әр түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ сүйемелдеп отырады.  Бағдарлама аптасына 4 рет жарыққа шығады.

Қыркүйек айында  көрерменге «Әйел бақыты» атты жаңа  ток-шоу көрсетіледі.  Бір  қолымен бесікті, бір қолымен әлемді  тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы осында қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер  көтеріледі. Жаңа ток шоу тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде де,  эфирден тыс уақытта да өз сауалдарын телефон арқылы немесе электронды почта арқылы жолдай алады.

Күзде көрермендер «Шетелдегі қазақ балалары» атты деректі танымдық жобаны тамашалай алады.  «Шетелдегі қазақ балалары» сериялық репортажының еліміздегі басқа арналарда баламасы жоқ, ол - «Қазақстан» ҰТА бастамасымен Қазақстанда   тұңғыш қолға алынған жоба.  Бағдарламаның негізгі мақсаты - шетел азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың тағдырының қалай өрбігенін көрсету.

«Білгірлер отауы» да ұлттық арнаның жаңа жобасы.  Қазақта бұрыннан келе жатқан: «Білімді мыңды жығар» деген  нақыл сөз бар. «Білгірлер отауы» бағдарламасына қатысушы  кейіпкерлер  білгірліктерімен қоса өздерінің табиғи жылдамдық, ішкі түйсік сынды қасиеттері мен  қабілеттерін көрсетеді.

Ұлттық арна өз көрермендерін дәстүрлі ән-күйлермен құлақ құрышын қандыруды да ойлап отыр. «Құлақтан кіріп бойды алар» танымдық этно-музыкалық фильмі аптасына бір рет көрсетіледі.  Ұлттың біртұтастығын сақтаған  маңызды элемент – халық фольклоры.  Музыкалық фильмнің әр сериясында қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы баяндалады. Дәстүр – кез-келген халықтың ажырамас, біртұтас, айқындаушы бөлшегі.  Сыр өлкесі, батыс мақамы мен Жетісу өңірі ән мектебі т.б Қазақстанның  бірін бірі қайталамайтын дәстүрлі ән өнері насихатталады.

«Заң және біз» атты  тікелей эфирде жүргізілетін жаңа бағдарлама  жарыққа шығады. Бағдарламаның мақсаты – заң саласына қатысты проблемаларды талқылайтын алаң ұйымдастыру. Оған кәсіби заңгер, прокуратура маманы, судья, сот орындаушылары, қоғамдық қор өкілдері шақырылып, көтерілген тақырыпты талқылауға қатысатын болады. Бағдарлама тікелей эфирде жүретіндіктен көрермендер көкейінде жүрген сұрақтарын бағдарлама барысында қоюға болады.

Сонымен қатар, осы маусымда «Сіз не дейсіз?» атты жаңа бағдарлама көрсетіледі. Мәдени және рухани мәселелерді еркін талқылайтын бағдарлама. Студияға зиялы қауым өкілі шақырылады.

«Мәлім де беймәлім Қазақстан» танымдық жобасы. Атыраудан Алтайға дейінгі атырапты алып жатқан қазақ даласының інжу-маржандары саналатын табиғаты тылсым жерлер жайлы толыққанды ақпарат береді. Жүргізуші елімізді шарлап, бұрын соңды мәлім болмаған не ұмытылып бара жатқан фактілерді анықтап, көрерменге баян етеді.

«Мың түрлі мамандық» ақпараттық танымдық бағдарламасын көруге кеңес береміз. Бағдарламаның мақсаты - әртүрлі мамандықтың қыр-сырын, өз саласының кәсіби маманы атанған адамдардың өмірін көрсете отырып, дұрыс мамандық таңдауға және өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектесу. Екі мамандық иесі бір бірімен орын ауыстырып, өз басынан өзіне беймәлім жаңа мамандықтың қиындықтары мен қызықтарын бөліседі. 

Жаңа маусымда «Тарих толқынында» атты ерекше жоба жарық көрмекші. Халықтың тарихи дүниетанымын өзіміздің ұлттық тарихымыз арқылы кемелдендіру, әрі әлемдік тарихнамадағы сан ғасырлық қазақ тарихының көкжиегін кеңейтудің аса маңыздылығы - мемлекетіміздің алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі болып табылады. Ұлттық тарих мәселелерімен көптен бері және нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Ұсынылып отырған «Тарих толқынында» тележобасы Мемлекет басшысының

- Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау;

- Қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру;

- Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдау бағыттарына құрылған аталған бағдарламаның басты мақсаттарына ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету, жүзеге асыру идеясы негізінде туды.

Сондықтанда қазіргі таңдағы Отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында, сондай-ақ ұлттық тарихты қазіргі ұрпақтың санасына осы заманның пайым-түсінігі, қала берді насихаттаудың заманауи жаңа мүмкіндіктері негізінде сіңіру біздің азаматтық борышымыз болып табылады. Осыларды негізге ала отырып «Тарих толқынында» жобасында тарих ғылымында қажырлы еңбек атқарып жүрген тарихшы ғалымдармен бірлесе отырып, Отандық БАҚ арқылы қоғамға тың, әрі танымдық ақпараттар ұсыну - жобаның мақсатына айналды.

«Ғаламтор KZ» бағдарламасы - ғаламтордағы ең үздік видео, веб-сайттардың жаңарған нұсқалары, әлеуметтік желілерде талқыланған тақырыптар, жаңа технологиялар саласындағы өнімдер (QR code), ғаламтор арқылы алып-сату, мемлекеттік орындардың интернет арқылы жұмыс жасауы (egov.kz, goszakup.kz), жалпы алдында компьютері бар қазақ азаматына әлемдік желіні таныстыруды көздейді.

Жаңа маусымда көрермендер көзайымына айналып үлгерген «Айтуға оңай», «Алаң», «Сыр-сұхбат», «Жарқын бейне», «Келбет», «Қылмыс пен жаза», «Ақсауыт», «Менің Қазақстаным», «Таңшолпан», «Жиһанкез», «Телқоңыр», «Жайдарман», «Иман айнасы», «Жан жылуы», «Дауа»,«Спорт. KZ» «Көкпар» ұттық ат спорты ойыны,  «Толағай» бағдарламаларын көрсетуді жалғастырамыз.

 

«Қазақстан» ҰТА-да жаңа маусымда бірнеше  отандық  телехикаялардың тұсауы кесіледі.

Қыркүйек айында«Қазақстан» ұлттық арнасы көремендеріне «Ұлжан»  атты жаңа отандық телехикая ұсынады. Бұл - қарапайым қазақ отбасындағы хикаяны баяндайтын, шынайы оқиға мен қазақи драманы орайластыраған туынды. Бас кейіпкер – тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіпкерге айналған қазақтың келіншегі.  Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар алып жүріп, балаларын тәрбиелеген, туған-туыстың арасындағы беделін де ойлаған ананың бейнесі.  Бүгінгі қоғамда әйелдің алатын орны мен шынайы өмірден алынған оқиғаларға толы хикая. Сонымен қатар, жаңа маусымда «Олимп шыңы», «Сұңқар», «Ұстаз», «Учаскелік полицей», «Әпке», «Сырғалым», «Судағы із» атты жаңа телехикаялардың тұсауы кесіледі.

Еліміздің түкпір-түкпірінде халық арасында ерлік көрсетіп, батырлығымен, өжеттігімен көзге түсіп жүрген жандар жайлы деректі фильмдер топтамасы «Жаныңда жүр жақсы адам» да жалғасатын болады. Сонымен қатар, ұлттық арнадан «Қазақ даласының құпиялары», «Ұлы дала тарихы», «Ұлт мақтанышы» деректі фильмдерін тамашалай аласыздар.

 

 

Суреттерде: «Қазақстан» Ұлттық телеаранысындағы көзайым жобалар.

«Ұлжан» телехикаясынан көріністер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320