Сенбі, 16 Мамыр 2026
Билік 2239 1 пікір 17 Қазан, 2023 сағат 17:38

Елімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ауқымды реформалар іске асырылып жатыр

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті. Іс-шара Кездесуге қатысқан зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар ұлттық құндылықтардың Әділетті Қазақстан құру жолындағы рөлін кеңінен талқылады.

Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мәдени мұраны және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында да ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Түркістан төрінде өткен отырысында жүйелі идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Бұл бағытта тарихи сананы жаңғырту, мәдени мұраны насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне баса мән берілді», – деді Мәулен Әшімбаев.

 Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1895