Сенбі, 23 Қараша 2024
Бетбұрыс 2734 6 пікір 23 Қазан, 2023 сағат 14:34

Қазақтың «достығы» тек біржақты көрініп жатыр...

Санамызға көпұлтты мемлекетпіз деген ұғым әбден сіңген ғой, әрі «қазақ – қонақжай халық» деген түсінік біздің ұлтқа мықтап жабысқан. Жөн-ақ. Бірақ жасырары жоқ, «жаман үйдің қонағы билейді» дегенді жадымыздан шығарып алдық.

Біздің халқымыздың о баста сүйегіне сіңген кеңпейілі, мәрттігі, меймандостығы, бауырмалдығы өзіне таяқ болып тиіп жатады. Жо-жоқ, қазақты ешкім билеп-төстеп жтқан жоқ, бірақ «достық» атты ұлы ұғымның тек біржақты көрініп, ұлттық намысты табанға таптап тастайтынымыз рас. Оны несіне жасырамыз? Жерімізде қаншама ұлт өкілі тұрса да, бір ұлттың бір ауданның атын иемденгені көңілге келіп, құлаққа ерсі естілетін. Ауданның орталығындағы көше атаулары да күні кешеге дейін қазақ зиялысының бірде-бірінің атымен аталмаған болатын. Оны айтасыз, біздің ауданды кейінгі жарты ғасырдан аса, бүгінге дейін бірде-бір қазақ басқармағаны да ақиқат. Сең бұзылды. Тоң жібіпті. Біздің ауданның әкімі болу Елеусізова Бота Серікқызына бұйырған екен...

Ел болып еңсе көтергелі ұлтына үлгі ғана емес, ұран болған даланың еркін мінез арулары жетерлік. Есімімен ру атанғаны да тарихтан белгілі. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат тантуда қазақ қыздары мен әйедерінің атқарар ролі, алар орны ерекше болған. Жаугершілік заманда ағаларымен қатарласып атқа қонып, садағын асынған қазақтың қыздары жайлы көзі ашық ел біледі. Тізе берсек, жауына көктен шүйліккен Хиуаз апамыздан бастап, Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия-Мәншүктің ерліктері де бұған дәлел. Ел басына күн туған ол ауыр кез былай тұрсын тоқырау кезеңін ешқайсысыңыз ұмыта қоймаған шығарсыз, сол уақытта та – колхоз-совхоз тарап, зауыт-фабрика жабылып ел – ерге, ер жерге қарағанда да бала-шағасының қамы үшін қарап отырмай, ала дорбасын арқалап базарға шығып кеткен біздің қазақ әйелдері болатын. Қазақтан сөз қалған ба, «байтал шауып бәйге алмайды» деп ойланбай әжуалай саламыз кейде, бірақ қазіргі кей жігіттерімізден қарағанда бірсөзді, уәдеге берік, айтқанын қайтсе де орындайтын қайсар да жігерлі қыздар көп екенін мойындайық. Ал ұлтты сақтап қалатын – әйел заты. «Ұлтың болашағы келіннің құрсағынан басталады» деп кешегілер бекер айтпаса керек. Сондықтан әкіміміздің алдынан ақ күн тусын деп тілейік.

Көкейде жүрген тағы нәрсені айтпасыма болмай тұр. Біз – қарапайым халықтан бастап, қалам ұстаған тілшілерімізге дейін әкімі болсын, депутаты болсын, әйтеуір, атқамінерлеріміздің түймедей ісін түйедей етіп жалаулатып көрсетуге құмармыз. «Депутаттың өзі келіп көрді», «әкімнің өзі барып куә болды», т.с.с. әйтеуір, аттандап айтқымыз кеп тұрады, соған әуеспіз. Қажеті не? Барса, араласа, көрсе, естісе, ол – атқамінерлердің міндет-парызы, жұмысы. Осыны ұмытпайық. Шешімі күрделі түйткілді істің нәтижесіне куә болуды, елге пайдасы тиер жұмыстың игілігін көппен көруді алла нәсіп етсін! Аман болайық!

Бекжан Тұрыс

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388