Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5298 0 пікір 29 Тамыз, 2013 сағат 10:12

Ерлан Қарин қызметінен кетті

«Нұр Отан» партиясында кезекті ауыс-түйіс болып, партия хатшысы Ерлан Қарин қызметінен кетті. Партия хатшысының қызметін уақытша атқаруға Болат Берсебаев тағайындалды. Ол бұған дейін партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметінде болған.

Ерлан Тынымбайұлы хатшылық қызметке 2008 жылы тағайындалған еді. Ол осы жылдар ішінде өзін ұлттық саясаткер ретінде көрсетті. Оның бастамасымен ұлттық тарихқа, ұлттық мәселелерге арналған маңызы зор қыруар шаруалар жасалды. Соның арқасында ел ішінде азаматтық беделге жетті.

Елдің іші жылитын Ерлан Қариннің қызметінен кетуі әртүрлі әңгімелерге жол ашуы мүмкін. Ең әуелі көптің көкейіне бұл ауыс-түйістің саяси астары жоқ па деген сұрақ келетіні сөзсіз. Дәл осы сауалды белгілі саясаттанушы Айдос Сарымға қойған едік.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Менің ойымша, Ерлан Қаринге қатысты ауыс-түйістен белгілі бір саяси астар іздеудің қажеті жоқ.

Ерлан Қарин бұл қызметінде өзін білікті саяси менеджер, кәсіби маман, саяси технолог ретінде көрсете білді. Осы қызметте болған жылдар ішінде ол Дархан Қалетаев, Нұрлан Нығматулин, Бақытжан Сағынтаев, Бауыржан Байбек сынды басшылармен қоян-қолтық жұмыс істеп, Президент және Парламент сайлаулары секілді ірі-ірі саяси науқандарды өткізіп, өзінің біліктілігін қай тұрғыдан да дәлелдеді.

Ал, бізге аса ұнайтыны, елдің құрметіне бөлеген еңбегі ол – өзінің қызметін ұлттық мүддемен сәйкестіре білген азамат. Ерлан Қариннің бастауымен Алашордаға, Қазақ хандарына, Абылайдың 300 жылдығына қатысты тарихи маңызы бар істермен қатар, қазақ интернетінің бас қосу, Бөкейхановтың еңбектерінің жинағымен «Алашорда» кітап-альбомының шығару жұмыстары жүзеге асты. Және Ерлан мырзаның бастамасымен дүниеге келген «Аманат» клубы тарихи, қоғамдық-саяси толғақты мәселелерді дер шағында көтеріп, талқыға салып, қоғам ойының дамуына ықпал етті. Осындай елдік мүдде жолындағы жұмыстарының нәтижесінде Ерлан Қарин мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді. Мұның өзі «Нұр Отанның» болашақ басшылары мен саяси менеджерлеріне үлгі болатын іс деп есептеуге болады.

Менің ше, Ерлан Қаринге әріптестері мен басшылығынан да қоғам тарапынан да ешқандай мін тағылмайды.

Алдағы уақытта Ерлан Қаринді бұдан да биіктерден көреміз деп үміттенемін. Сенемін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5259