Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1675 3 пікір 27 Қазан, 2023 сағат 14:36

Киіктерді ату мерзімі белгіленді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау уақытына түзетулер енгізбек. 2024 жылдан бастап 1 қазан мен 15 қараша аралығында киік аулауға рұқсат етіледі.

«Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан, киікті аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылды», – делінген құжат жобасында.

Ерлан Нысанбаев киіктерді түнгі уақытта ату жоспарланып отырғанын айтады.

Еске салсақ, 6 қазанда елімізде киіктер санын реттеу мақсатында дала жануарының оралдық популяциясын 20 пайызға, бетпақдалалық популяциясын 15 пайызға қысқартуға Экология министрінің бұйрығы шықты.

Ведомстованың мәліметінше, Қазақстандағы киіктер саны 2 миллионға жуықтаған, ал биылғы төлді қосқанда 2 миллионнан да асып түседі.

Министр Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, ақбөкендер ауылшаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелген.

Қазақстандық зооқорғаушылар елде киіктерді ату науқаны басталғалы киіктер Батыс Қазақстан облысынан Ресей аумағына үдере көшіп жатқанын айтады.

Abai.kz

3 пікір