Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 3299 8 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 13:27

АЭС құрылысы. Уран саудасы: Макрон Қазақстанға не үшін келді?

Сурет Ақорда сайтынан алынды

Бүгін Қазақстанға Франция Президенті Эммануэл Макрон ресми сапармен келді. Оны ҚР премьер министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.

Содан соң «Ақорда» резиденциясында Эммануэл Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэл Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі көтеріліп жатқаны белгілі. Ал мұны салуға басты төрт үміткер бар. Олар: Ресей мен Қытай және Оңтүстік Корея мен Франция.

Бүгін Франция Президентінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар келіссөз жүргізіледі, АЭС салу мәселесі жөнінде де талқы болады деп күтілуде.

Франция президентінің Қазақстанға не мақсатпен келгені жайлы «Bloomberg» басылымы талқы жасапты. Бүйдейді:

«Франция әскерлерінің Нигерден шығарылуы француздарды уран тапшылығына ұрындырды. Сондықтан президент Эммануэл Макрон осы аптада энергетикаға бай Орталық Азияға сапар шегіп, осы елдің ядролық реакторларында қолданылатын уранды жеткізуші екі ел – Қазақстан мен Өзбекстанға барады. Бұл сапар Францияның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған деп топшылауға болады.

Бірақ, «таяқтың екінші ұшы да бар». «Бұл сапарда бұрынғы кеңестік республикаларды Ресейге тәуелділіктен шығуға итермелеуге тырысады. Француз шенеуніктері Украинадағы соғыс - аймақтағы бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынастарды үзіп, жаңа мүмкіндіктер туғызады деп болжайды. Орталық Азияның орасан зор мұнай, газ және минералды қорлары Ресейдің ойын алаңы болып табылатын Орта Азия үшін жаңа таластың басталғанын білдіреді. Қытай төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» инфрақұрылымдық жобасы арқылы ықпалын кеңейтуде, АҚШ болса өзінің осы аймақтағы саяси беделін нығайтуға ұмтылуда, ал Еуропалық Одақ аймақты Кавказ арқылы Ресейді айналып Еуропаға өтетін сауда және энергетикалық дәлізбен байланыстыруға ұмтылуда», - деп түсіндіреді басылым.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313