Сенбі, 2 Наурыз 2024
Билік 1617 0 пікір 9 Қараша, 2023 сағат 16:55

ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне қазақтың танымал тұлғаларының есімдері енгізілді

ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Б.Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты. Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында жазды.

«Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды. Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған. ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз”,-деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 518
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 341
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 801