Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 937 1 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 19:05

БҚО-да 32 млрд.теңгеге 27 білім беру нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев баяндап өтті.

Баяндауынша, Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында білім беру саласын дамытуға жалпы 37 млрд. теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде апатты жағдайдағы мектептердің, сонымен бірге үш ауысымды оқыту, оқушы орын тапшылығы мәселелерін түбегейлі шешу үшін 32 млрд. теңгеге 27 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда 4 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 12 мектеп құрылысын аяқталатын болады.

«Мектептерде оқушыларға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін 2,3 млрд. теңгеге 114 заманауи пәндік кабинеттер жабдықталып, 62 ауылдық мектептерге қажетті құралдар мен жиһаз алынды. Сондай-ақ, мектептерді апаттылық жағдайына дейін жеткізбеу үшін 2,5 млрд. теңгеге 4 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізсек, 3 нысанды 2024 жылға дейін аяқтайтын боламыз»,- деді өңір басшысы.

Abai.kz

1 пікір