Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 3040 12 пікір 16 Қараша, 2023 сағат 12:19

Халқымыздың саны 20 миллионға жетті!

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Осы аптадғы айтулы оқиға Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені болды.

Бұл турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Х желісіндегі парақшасында: «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазып отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады.

Барлықтарыңыздың естеріңізде болар, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша, Қазақстан халқының саны 19 967 964 адамға жеткенін хабарлаған болатын.

Патшалық және Қызыл империя кезінде де санақтар жүргізілді. Сол кезде Ахмет Байтұрсынұлының «Әлхамдулла, 6 миллион қазақ бармыз» дегені жұрт есінде. Бұл сөз 1897 жылғы 9 ақпанда (жаңа стильмен 28 қаңтарда) жүргізілген Ресей империясының тұңғыш (және жалғыз) жалпы халық санағын жүргізген кезде айтылғанын жақсы білеміз. Аталған санақ бүкіл елде халықтың 1897 жылғы 9 ақпандағы жай-күйі бойынша бірыңғай бір бағдарламамен және жалпы нұсқаулық бойынша жүргізілді. Қазақтар (ол кезде киргиз атауымен) 3392,8 адам санымен Ресей империясында тұрып жатыр деп ресми нақтылана көрсетілді. Қазақ зиялылары санақ біржақты жүргізілді жалпы санымыз 6 миллион деп өз есептеулерін «Қазақ» газетінде жария етті.

Ресейдегі төңкеріс пен І Дүниежүзілік соғысқа байланысты бұдан кейін 1907, 1917 жылғы болуға тиіс санақтар жүргізілген жоқ.

Патшалық дәулетті алмастырған Кеңестер Одағы билік құрған 70 жылдың ішінде бүкілодақтық халық санағы 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдары жүргізілген болатын. 1979 жылғы санақта орыстардың саны 45 пайыз болғаны белгілі болғандықтан Қызыл империяшылар орыстардың санын одақтас республикалар бойынша қосып жазып, орыстардың КСРО-дағы үлесін 50 пайыздан асырды. Қазақстанға 2 миллион өлі жан жазылып кетті дейді статистика саласын зерттеуші ғалымдарымыз.

Осыдан 30 жыл бұрын, яғни, 1989 жылдың қаңтарында КСРО-ның Бүкілодақтық халық санағы басталды. Бұл сонымен бірге КСРО-дағы соңғы халық санағы болғанын айта кету керек.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы 1989 жылғы КСРО-ның Бүкілодақтық халық санағынан тура 10 жыл өткен соң, 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында өтті. Міне, осы кезде 1979 жылы қосылған 2 миллион өлі жанның көлеңкелі тұсы көрініс тапты. Орыстардың қазақтардан арттыруды көздеген бір кездегі қызыл саясат көпшілікті аң-таң етті.  Еліміздегі халық саны 14, 953,1 мың адамды құрап, республикада ресми түрде 16,4 млн адам тұрған 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы деректерімен (16.199,2) салыстырғанда 1, 246,1 мың адамға (7,7% - ға) азғайғаны белгілі болды.

Әр он жыл өткен сайын болған санақтарда титулді ұлттың санының өсе түскені белгілі бола бастады. 2022 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған, 2021 жылғы санақтың қысқаша қорытындысына сәйкес қазақтар — 13 497 891 адам, яғни, халықтың 70,4% құрады.

Болашақ әмсе қазақ санын 90 пайызға жеткізсін де тілейік, ағайын!

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552