Қазақстанға еңбек мигранттарының басым бөлігі қай елдерден келеді?
1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 029 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарларына - 345 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімше басшылары үшін - 2 588 рұқсат (екінші санат).
Негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 767 және 608 адам.
Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 2 078 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 643 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 612 жұмыс беруші бар.
Онда 468,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2%.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 312 адам (25,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 580 адам (12,1%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 216 адам (9,3%), өңдеу өнеркәсібі – 1 194 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 757 адам (5,8%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 884 адам (29,8%), Өзбекстан – 1 777 адам (13,6%), Түркия – 1 254 адам (9,6%), Үндістан – 1 232 адам (9,4%).
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі.
2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің 0,24% немесе 22 260 деп белгіленді.
Abai.kz