Алматыдан сөйлеп тұрмыз!
Алдағы 1 қазанда әуе толқынына Астанадан шыққанына 1 жыл толатын «Қазақстан» РТРК» АҚ жүйесіндегі Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын насихаттап, жүйелі түрде ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Қазақ радиосы бағдарламалары негізінен қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілдерінде (түрік, неміс, татар, корей, ұйғыр, әзербайжан) жүргізеді. Ел тұрғындарының 88,74 % осы арнаның хабарларын 24 сағат бойы тыңдауға мүмкіндігі бар. Ал «Шалқар» ұлттық арнасы күн сайын 18 сағаттан әдемі әуен мен ұлттық мүдде тұрғысындағы мазмұнды хабарлар ұсынады. «Шалқарды» ел тұрғындарының 62,04 пайызы тыңдай алады.
Қазақ радиосының негізгі міндеті – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі тапсырысты орындап, эфирдегі сөз арқылы еліміздегі және әлемдік қауымдастықтағы жаңа, сан қырлы бет-бейнесін қалыптастыру. Қазақ радиосы өзінің тарихи ақпараттық борышын орындай отырып, мемлекеттік саясатты еліміз тұрғындарына, ал қазақстандықтардың пікірлері мен ұстанымдарын билік тізгінін ұстап отырған құрылымдарға оңтайлы және шұғыл жеткізудің көпірі болып қала береді.
Алдағы 1 қазанда әуе толқынына Астанадан шыққанына 1 жыл толатын «Қазақстан» РТРК» АҚ жүйесіндегі Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын насихаттап, жүйелі түрде ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Қазақ радиосы бағдарламалары негізінен қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілдерінде (түрік, неміс, татар, корей, ұйғыр, әзербайжан) жүргізеді. Ел тұрғындарының 88,74 % осы арнаның хабарларын 24 сағат бойы тыңдауға мүмкіндігі бар. Ал «Шалқар» ұлттық арнасы күн сайын 18 сағаттан әдемі әуен мен ұлттық мүдде тұрғысындағы мазмұнды хабарлар ұсынады. «Шалқарды» ел тұрғындарының 62,04 пайызы тыңдай алады.
Қазақ радиосының негізгі міндеті – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі тапсырысты орындап, эфирдегі сөз арқылы еліміздегі және әлемдік қауымдастықтағы жаңа, сан қырлы бет-бейнесін қалыптастыру. Қазақ радиосы өзінің тарихи ақпараттық борышын орындай отырып, мемлекеттік саясатты еліміз тұрғындарына, ал қазақстандықтардың пікірлері мен ұстанымдарын билік тізгінін ұстап отырған құрылымдарға оңтайлы және шұғыл жеткізудің көпірі болып қала береді.
Қазақ радиосы сөздердің сауатты айтылуына, тіл тазалығына және тіл мәдениетіне ерекше көңіл бөліп келеді. Радиожурналистердің кәсіби деңгейі олардың қазақ тілінің лексикалық байлығын пайдалана отырып, эфирді еркін меңгеруінен де байқауға болады. Оған мысал ретінде «Зиялы қауым», «Інжу-маржан», «Әлқисса» хабарларын, «Армандастар» және «Замандас» бағдарламаларын т.б. айтуға болады. Сондай-ақ, «Қайырлы таң, Қазақ елі!», «Тәулік тынысы», «Айтөбел», «Наридірген», «Елім менің», «Ұшқын» жастар бағдарламаларында да ұлттың маңызды мәселелері кеңінен сөз болады.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жүктелген мәселелердің ел аумағында орындалу барысы туралы «Қазақстан-2050», «Жаңа Қазақстан», «Шешім қабылданды», «ЭКСПО-2017», т.б хабарларында жүйелі түрде әңгімеленіп келеді.
ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің ұлттық тарихты қайта зерделеу жөніндегі тапсырмасына орай құзырлы органдардың атқарған жұмыстары мен жалпы төл тарихымызға жаңаша көзқарас тұрғысынан да көптеген хабарлар мен айдарлар ашылды. «Мен – қазақпын!», «Тарих толқынында», «Ұлттың жаны - ұлт тарихы», «Замана заңғарлары», «Исторические заметки», т.б. хабарларында ұлттық тарих мәселелері сөз болып жатқанын құлағы түрік тыңдаушылардың өздері де байқауы мүмкін.
Бұдан басқа Қазақ радиосы республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралық аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал қазіргі кезде интернеттегі парақшамыз арқылы http://kazradio.kz/ телерадиокорпорация құрылымындағы Қазақ радиосының, «Шалқар», «Астана» және «Классик»радиоларының хабарларын он-лайн режимінде тыңдауға болады. Біз әр сағаттың басында қазақ тілінде және әр сағаттың ортасында орыс тілінде берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөлеміз. Ал «Алтын қор» атты алтын көмбеміз өз алдына бір төбе.
Сонымен, жаңа маусымда жарық көретін жобалар туралы әр редакция өкілдеріне кезек берелік.
Оңғар Құралов,
Қазақ радиосының
Бас редакторы
Еділ Уәкілұлы АНЫҚБАЙ, Әлеумет редакциясының жетекшісі:
Бұрынғы хабарлар жаңа маусымда өз маңызын жоймайды
ӘЛЕУМЕТ редакциясы – Қазақ Радиосындағы ауқымы кең, көтеретін жүгі ауыр, ресми бөлім. Негізгі бағыттары; саясат, экономика, жастар және балалар. Редакция хабарлары қысқа да нұсқа, нақты фактілерге негізделуі тиіс және радиотарихында бұл қалыптасқан үрдіс.
Қазақ Радиосының Әлеумет редакциясы қалыптасу кезеңінен өтіп, Елорданың тынысымен түйісуге түрткі боларлық тақырыптарды қозғап, мемлекеттік мекемелердің, Қазақстандағы құзырлы органдардың оңды дүниелерін, нақтылай айтқанда, Президент әкімшілігі, Үкімет, Парламент сынды халық қалаулылары, ел тізгінін ұстаған азаматтардың қызметтегі халыққа, мемлекетке қатысты іс-шараларын, ірі шешімдерін дүйім жұртқа түрлі жанрдағы радиохабарлар арқылы 2012 жылдың 1 қазанынан бастап, Елордасы - Астанадан насихаттап, мемлекет саясатын жүргізіп келеді. Мәселен, алғашқыда аптасына үш рет, кейіннен екі рет шығып, күнделікті «Тәулік тынысын» білдіріп келген хабардың жаңа маусымда маңызын жояды деп айта алмаймын. Яғни, жаңа маусымда «Тәулік тынысы» хабары соны әрекеттерге барып, халық қалаулыларымен бірлесіп заманауи форматтағы сұхбаттар жиынтығын жасамақ. «Үкімет», «Парламент» секілді арнайы репортаждар аталған құзырлы орындарындағы айтылған әңгіме, қаралған мәселе, қабылданған заң жобаларын сол күйінде тыңдаушыға баяндап келсе, алдағы уақытта мүмкіндігінше сараптап беруге ізденіс жасап жатқан жайы бар. Сондай-ақ, «Шешім қабылданды» ақпарат-танымдық хабар, «ЭКСПО-2017» ақпараттық хабар, «Үнем үлгісі» экономикалық сараптама, «Сардар мен сарбаз» деректі радиофильмі, «Еркетай» ойын-сауықтық балалар бағдарламасы, «Топжарған» радиоойыны, «Армандастар» жастар сағаты, «Алаш жастары» сұхбаты, «Табиғат және біз» экология тақырыбындағы сараптама, «Еңбек адамы» радиопортреті жаңа маусымда қажеттілігін жоймақ емес. Себебі, бұлар Елбасы Жолдауына қатысты, мемлекеттік межелермен негіздес, саясатпен сабақтас. Ал айына бір шығатын «Айтөбел» осы уақытқа дейін сұхбат түрінде өтіп, оның жиынтығы кітап болып басылып, өз нәтижесін берген-ді. Бұл жоба жаңа маусымнан радиоконференцияның міндетін арқалауға дайын. Десек те, жоғарыдағы радиохабарлардың мақсат-мүддесін биіктетіп, өзегіне өң беріп, реңк кіргізу мақсатында тұздықтар түзіліп, дәмдеуіштер даярлығы жасалуда. Демек, жоғарыдағы хабарлар жыл бойы жүргенімен, 1-қазаннан өзегіне өң беріп, жаңа жоба іспеттес болуын мақсат тұтынып отырмыз. Әрине, бұрыннан келе жатқан хабарларға өң береміз, сырлаймыз, бояймыз деп қана қанағат етіп отырмайтынымыз белгілі. Бүгінгі күнде еліміздің қай саласы болмасын жаңа сатыға көтерілуі керектігін өмір көрсетіп отыр. Бұл сатының БАҚ-ның ең ірі өкілдерінің бірі – қара шаңырақ Қазақ Радиосына, оның ішінде Әлеумет редакциясына да қатысы барлығы дәлелдеуді қажет етпесе керек-ті. Заманауи талапты ескере отырып, Елбасының «Қазақстан-2050» Жолдауына назар салып, ондағы тапсырмаларды іс жүзіне айналдыру мақсатында «Адаспан» атты жастардың интеллектуалды клубын ашып отырмыз. Еліміздегі Астана, Алматы сынды қалалармен қатар облыстардағы Жастар басқармасымен бірлесіп, Елбасы тапсырған жастар және жастар саясатын талапқа сай жүргізбек ойымыз бар. Жұмыс басталып та кетті. Алғашқы әңгімемізге арқау болып отырған Оңтүстік Қазақстан облысы. Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының жастары бұл жобамызға қолдау білдіріп, көшпелі радиоклубтың өз аймақтарына келуін қуана құптауда. «АЛДАСПАН» радиоклубының тиімділігі – корпорация қорындағы қаражатқа қол салмауында. Журналистеріміздің өңірлерге барып келуі, жатынорнын өңірлер өздері көтермек. Сондай-ақ «ЕЛДИДАРЫ» радиожурналытыңдаушыларға әуе толқыны арқылы жол тартпақ. Радиожурналдың атауы мақсат-мүддесін көрсетіп тұр және салаларға байланысты айдарлары болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың талабы жан-жақтылық болғандықтан, ресми редакцияның ауқымында қамтылмай қалған тақырыптың қалмағанын қалаймыз. Жаңа маусымға діттеген мақсат радиожанрлардың түрлілігі: радиоклуб, радиожурнал, радиоәңгіме, радиопортрет, радиофильмдер, радиоконференциялар жұмысын бастағанын жоғарыда баяндадық. Енді редакцияға журналистік зерттеу жетіспей тұрғандықтан «ҰРПАҚ ҚАМЫ» атауымен хабар ашып отырмыз. Көмек қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі, жетім балалардың тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмаса керек. «Ұрпақ қамы» осындай балаларға қоғам назарын аудару, қаражаты мол азаматтардың мұқтаж жандарға көмек қолын создыру.
Радио БАҚ-ның ішінде жылдам және тиімді есептеледі. Толқын арқылы әлемдік деңгейдегі форумдар, республикалық іс-шаралар, Елбасының ірі қадамдары, т.т. әлеуетті әрекеттер Әлеумет редакциясынан шығармақ ниетпен күнделікті «САЯСИ РАДИОШОЛУ» ұсынбақпыз. Саяси радиошолудың алғашқы санына арқау болған тақырып: Елбасының Индозения президенті және ҚХР төрағасымен кездесуі жеке-жеке өтті. Демек, бұл жоба да өз жұмысын бастап кетті. Әлеумет редакциясының қамтуға талпынған тақырыптары жетерлік. Алайда, арман-мақсатпен мүмкіндіктер сәйкес келе бермейтіні ақиқат. Сол себепті, редакция бүгіндегі шамасына қарай қадам баспақ. Күнделікті «Спорт шолуы», татулықты ту етуді мақсат еткен, өзге диаспораларды қамтитын «Дәнекер» хабары, «Асыл мұра» танымдық-тарихи хабар, «Алтыбақан» сынды радиоойын болашақтың еншісіне жоспарланып отыр. Әзірше, Әлеуметтің әлеуеті осындай.
АЛМАТЫДАН СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ!
Қазақ радиосы Астанаға көшсе де, Алматыдан үні кеткен жоқ!
Ұшқыр ақпарат құралы болғандықтан заман талабына қарай уақытпен бірге алға басып, жаңарып, жетіліп отыру радиоға тән қасиет. Осы орайда айтпағымыз, 2012 жылдың қазан айында Астанадағы Қазмедиа орталығына қоныс аударған Қазақ радиосының құрылымы мен шығармашылық зертханасында елеулі өзгерістер орын алды. Радионың басшылығы мен негізгі құрамы медиа орталыққа ауысты. Ал Алматыда тәжірибелі журналистер мен дыбыс монтаждау операторларынан, еліміздегі өзге ұлттар тілінде хабарлар дайындайтын «Достық» редакциясы және «Алтын қор» қызметкерлерінен құралған үлкен қосын – Қазақ радиосының Алматы студиясы жұмыс істеп жатыр. Осындай өзгерістермен қатар хабар тарату үрдісі де түбірімен қайта құрылып, уақыт тынысына сай жаңаша жұмыс жүйесі жасалды. Жаңалықтар бастап тікелей толқында өтетін бағдарламалар мен эфирдегі концерттер түгелдей Астанадан шығады. Бұған керісінше таспамен дайындалатын хабарлардың басым бөлігі және Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынатын хабарлардың барлығы Алматыдан беріледі.
Реті келгенде айта кетелік, Алматы бөлімшесіндегі бүкіл шығармашылық жұмыстары Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы» тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға негізделген. Алматы студиясында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін және республика аймақтарындағы халық шаруашылығының тыныс-тіршілігін қамтитын «Жаңа Қазақстан» радиожурналы, «Сіз қалай ойлайсыз?», «Туған тіл», «Қазақ спорты», «Шаңырақ шуағы», «Инновациялық даму», «Білім көкжиегі», «Ағалардың алақаны», «Иман шарттары», «Қазақ руханияты» секілді сындарлы да салмақты хабарлар әзірленеді.
Қыркүйек айына дейін сенбі-жексенбі күндері беріліп келген үш сағат көлеміндегі «Замандас» бағдарламасы және бүлдіршіндерге арналған «Балапан» хабары мен түнгі сағат оннан бастап «Армандастардың» аясында эфирге шығатын жастарға арналған танымдық, ақпаратты-сазды «Алматы түні» бағдарламасы, қоғам мүшелерін толғандырған түрлі мәселелерге заңгер мамандардың кеңесін ұсынатын «Заңгер кеңесі», «Территория права» хабарлары көпшілік тыңдармандар тарапынан жан-жақты қолдауға ие болуда. Күн сайын эфирден өтетін «Кешкі ертегінің» бүлдіршіндерге беретін тәрбиелік мәні орасан екенін де айта кетуге тиіспіз. Осыған қоса «Экономика: вчера, сегодня, завтра», «Здоровье», «Мы казахстанцы» секілді орыс тіліндегі хабарлар мен неміс, ұйғыр, татар, неміс, корей, әзербайжан, түрік тілдерінде берілетін «Достық» хабарлары да мемлекет саясатын насихаттап, еліміздегі ұлтаралық татулық мәселесіне өзіндік үн қосуда.
Қорыта айтқанда, Алматыдан шығатын хабарлардың барлығының дерлік өзіндік мәні мен маңызы жоғары. Олардың көпшілігі әр күн сайын сағат 10-дағы жаңалықтардан кейін «Алматыдан сөйлеп тұрмыз!» – деп басталып, 11-ге дейін және сағат 15:05-тен 16:00-ге дейін жалғасатын Алматы студиясының уақытына топтастырылған. Студиядағы журналистер мен дыбыс операторлары қазіргі таңда бір ай көлеміндегі радио эфирінің 104 сағат 30 минут уақытын қамтамасыз етіп отыр. Небәрі отыздай адамнан құралған шағын ұжым үшін мұның орасан еңбек екенін айтуға тиіспіз. Береке, бірлік бар жерде нәтиже де болады. Енді осы жаңа маусымнан бастап «Тарих толқынында: замана заңғарлары», «Жұма мінбері», «Ауыл өмірі», «Еңбек және әлеумет», «Кәсіпкер», «Бірінші байлық», «Кейіпкер», «Сәуле-ғұмыр», «Сахна сыры», «Шығыс жұлдыздары», «Апта тынысы», «Құлыным менің!», «Балқарағай» тәрізді бірқатар жаңа жобаларды эфирге дайындаудамыз. Оған қоса биыл «Шалқар» арнасынан берілген балалар мен жасөспірімдерге арналған «Тайжарыс» радиофестивалі де алдағы жылы қайта жалғасатын болады.
Мұрат Мұқаш,
Қазақ радиосы
Алматы студиясының бас редакторы
«ДАЛА ДАУЫСЫ» халықаралық радиофестивалі
ЖАҢА МАУСЫМДА
Әр жылдардағы қазақ әнінің халықаралық деңгейдегі заманауи, бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттап, тыңдаушының талғамынан шыққан шығармаларды іріктеу арқылы орындаушыларды марапаттап, түрлі бағыттағы ән дәстүріміздің жалғасуына ықпал етуді мақсат еткен Қазақ радосының «ДАЛА ДАУЫСЫ» радиофестивалі алғаш рет эфирге 2012 жылы шыққан болатын. Радиофестивальға алғашқы жылы қатысқан 130 орындаушыға радиотыңдаушылардың интернет арқылы берген дауыстары және кәсіби музыка мамандарының пікірлері негіз болып, үздік деп табылған 25 өнер саңлағына үш аталым бойынша «Дала дауысы» деп көркем безендірілген арнайы кәдесыйлар мен дипломдар тапсырылды. Атап айтсақ, «Эстрада» аталымы бойынша: Жұбаныш Жексенұлы, Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Досымжан Таңатаров, Ерболат Құдайбергенов, Таңат Мамырхан, Аллаберген Жақсыбаев, Гүлнұр Оразымбетова, Баян Нұрмышева, «Премиум» квартеті, «Тараз» триосы мен «Бәйтерек» тобы марапатталса, «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша: Елмұра Жаңабергенова, Сержан Мұсайын, Клара Төленбаева, Өмірқұл Айниязов, Құралай Шаяхметва, Сая Есенкелдиева, Айгүл Елшібаева тәрізді күміс көмей, майталман әншілер анықталды. Ал фестивальдің жаңалығы ретінде анықталған Гауһар Мырзахметова, Нұрболат Арзамас, Халық Ризабек, Бейсен Әуелхан, Айнұр Қажымолла, Серкан мен Зейнап Өзден, Манас Биатандар «Жаңа есім» аталымы бойынша марапатталды. Қорытынды гала-концертте марапатталған барлық әншілер жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Қытайдан келген бауырларымыз ежелгі қазақи әндерді тамылжыта орындаумен ерекшеленсе, Түркиялық Зейнап пен Серканның дуэті қазақ көрерменін «Балапан қаз» әні селт еткізді. Ал кәріс жігіттерінен құралған «Премиум» квартеті халық әні «Назқоңырды» өте жоғары деңгейде нақышына келтіре орындап, дүйім жұртты риза етті. Бұл байқау, түптеп келгенде, бұқаралық ақпарат құралдары ішіндегі жедел де қолжетімді түрі саналатын радионың басты қаруы тек өткір сөз бен ұшқыр ой ғана емес, сонымен қатар, қазақтың ән мәдениетіндегі барлық салаларды қамти отырып, халықтың мәдени, рухани сүранысын да қанағаттандыра алатын ақпарат көзі екендігін көрсетіп берді.
Бастамасы осылай басталған «Дала дауысы» радиофестивалі биылғы жылы да өз жалғасын тауып, дүниежүзі елдері арасында өткізіледі деп жарияланып, қазіргі таңда алғашқы айналымы Қазақ радиосының эфирінде жүріп жатыр. Фестивальда әнді жазушы тұлғалар (композитор, ақын, аранжировкашы) емес, тек орындаушылар ғана марапатталмақ. Қатысушыларға қазақтың халық және халық композиторларының әндерін (дәстүрлі әндер, академиялық бағыттағы қазақ композиторларының әндерін (қазақ операларынан ариялар, жекелеген әндер), заманауи әндерді (эстрадалық)түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, еуропалық академиялық, эстрадалық), түрлі стильде (классикалық, эстрадалық, поп, рок, реп, хип-хоп т.б.) орындауға еркіндік берілген. Фестиваль дәстүр бойынша желтоқсан айында қорытындыланады деп жоспарлануда. Фестивальдің өту жоспары төмендегідей:
Тапсырыс берген әншілер дәстүр, эстрада, академиялық ән номинациялары бойынша 20 шығармадан топтастырылып, әр номинациядағы әрбір орындаушы туралы қысқаша мәлімет пен әнші ұсынған бір ән берілген арнайы роликтер жасалады. Ол роликтер Қазақ радиосы мен «Шалқар» арнасының эфирлерінен 3-4 апта бойы үздіксіз насихатталып, тыңдарман дауысын жинау үшін Қазақ радиосының www.kazradio.kz сайтындағы «Дала дауысы» бөліміне қойылады. Сайттағы дауыстар қорытындысы әр аптаның жұмасы күні сағат 19.00 – 20.00 аралығында Қазақ радиосының эфирінде жүретін «Дала дауысы – 2013 күнделігінде» жарияланып, жоба продюсері мен музыкалық жүргізуші Мұхамедияр Рашай тарапынан арнайы сарапталады. Фестивалдың негізі шарттарының бірі - орындалатын әннің тілі қазақша болуы. Егер, қатысушы үміткерлер шет елдік әнші болса, аталған үш номинацияға қатысты өз халқының әнін орындауға болады, тек ән мәтінін қазақ тіліне аударып орындауы міндеттелген. Ал қазақ әнін орындаса нұр үстіне нұр болмақ. Сондай-ақ, ұсынылатын әнге орындаушылық, жанрлық, стильдік формат жағынан шектеу койылмағанымен, шығарма орындаушылық, аранжировкалық, дыбыстық тұрғыдан жаңа ізденіске толы болу керек. Ондағы мақсат – қалың тыңдарман таңдауы мен талғамы жоғары мамандар талабына салу арқылы Отандық әншілердің шығармашылық өсуіне ықпал етіп, қазақ әнінің шет елдерде орындалуына талпыныс жасау. Сонымен қатар, фестивалдің аймақтық ауқымын арттырып, шығармашылық ізденісін күшейту, яғни аспаптық өнер түрлерін де қосу істері жоспарлануда.
Айнұр Абайқызы,
Қазақ радиосы
«Дала дауысы» жобасының продюсері
ҰЛТТЫҢ РУХЫН АСҚАҚТАТҚАН «ӘДЕБИ-САЗ»
Қазақ радиосының Әдеби-сазды бағдарламалар редакциясында Радионовеллалар, Тарихи ғылыми- танымдық, Әдеби-танымдық, Әдеби-музыкалық, Рухани-ағартушылық, Ақпараттық-музыкалық-сауықтық, Қоғамдық-ақпараттық, Сараптамалық, Радиоэссе, жастарға арналған Хит-шеру бағдарламалары жүруде. Редакцияда жасалып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқтала кетсек.
Қазақ Ұлттық салт дәстүр академиясының профессоры,Әнуарбек Байжанбаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ұлтжандылығымен белгілі журналист, әрі актер Қошан Мұстафаұлы Қазақ радиосында біраз жылдан бері «Інжу-маржан», «Терме» хабарларын жүргізіп келеді.«Інжу-маржан» хабары қазақтың тарихын, елімізді, ұланғайыр жерімізді қорғауда қасық қанын аямай ерлік көрсеткен батырларын, көне жыршылық-жыраулық поэзиясын, дәстүрін, және жыр орындаушыларын насихаттау мақсатында ашылған. Жырауларымыздың ел басқарған хандарға, қолбасшы батырларымызға, бұқара халыққа жігер-қайрат беріп, өздері қол бастап, рух көтеретін жыр төгіп, халқының қамын жегендіктері хабардың арқауы болады. ХІV ғасырда ғұмыр кешкен көне Сарайшықта хандық құрған Мөңке,Темір Жәнібек хандар,осы Сарайшықта Қазақ хандығын алғаш жариялаған Қасым хандардың өмір өткелдері хабарымызда беріліп өтті. ХVІ-ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен жоңғар басқыншылығынан елін азат етуде еселі еңбек еткен Қарасай батыр, Қабан жырау, Қаракерей Қабанбай, Қойгелді батыр,Төле би, Әйтеке, Қаз дауысты Қазыбек билердің ерліктері хабарда толығымен насихатталады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында елімізге үстемдік көрсеткен Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы халқының бостандығы үшін күрес ашқан, Сыпатай, Саурық, Сұраншы, хан Кенесары, Байзақ датқа, Наурызбай батырлардың ерліктері, Нысанбай, Сүйінбай жыраулардың жырлары арқылы беріледі. Сондай-ақ «Терме» хабары, қазақтың асыл маржан сөздері, өсиет нақылдары, дана би-шешендеріміздің Майлықожа, Құлыншақ, Қалнияз, Құлманбет, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Жамбыл, Кенен жыраулардың ұрпақтарына қалдырған шешен де, көсем сөздері, тыңдарман назарына, жас ұрпақтың санасына сіңіріліп жеткізіліп келеді.
Ақын-журналист Серік Сейітманның қазақ зиялыларымен Мемлекет мүддесі, ұрпақ тәрбиесі, Ел болашағы, ұлт руханияты төңірегінде қызу сұхбат жүргізу нәтижесінде қоғам өміріне үн қосып, ұлтты ұйыстыруға қызмет етіп жүрген «Зиялы қауым» хабары осы күнге шейін қазақтың небір қайраткерлерінің елдік арман-тілектерін радио арқылы елге жеткізіп келді. Елден сұраныс көп болған соң, бұл хабарды «Шалқар» ұлттық арнасынан да қайталап беріп жүрміз. Ал Серіктің арғы-бергі тарихта ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап өткен, соның нәтижесінде туған халқы алдындағы перзенттік парызын өтеп кеткен қайраткер тұлғалардың өмірін өнеге ету үшін, олардың азаматтық қырын ашып көрсету арқылы күллі қазақ баласының өз жұртына деген махаббатын оятуды мақсат тұтқан «Парыз» хабары да өз міндетін жүз пайыз атқарып келе жатқан хабар. Олай дейтін себебіміз, еліміздің түрлі аймақтарынан түрлі хаттардың келіп жатқанын айтпаған күннің өзінде, бұл хабардың әр шығарылымының газеттік нұсқасын республиканың газет-жорналдары қаламақы төлеп басуға ұсыныс жасап жүр. Ақын Серік Сейітманның «Айдында жүзген ай сәуле» әдеби-сазды хабарын жүргізуі де заңды. Себебі, ән мен әдемі лирикалық өлеңдерді астастырып, тыңдарманға ұсыну үшін де оған ақынның талғамы керек. Әр бейсенбінің түнінде эфирге шығатын хабардың танымалдығы соншалық, біздің сайтымыз арқылы тыңдаған АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиана университетінің оқытушысы Фатима Молдашевадан хабарға ризашылығын білдірген хат та келді.
Журналист Айнұр Шамшейтова тыңдарман қауымды кітап оқуға тарту мақсатында әр дүйсенбіде тікелей толқында «Әдебиет әлемі» радиосайысынөткізіп жүр. Желіге қосылған әр тыңдарманға әдебиетке байланысты үш сұрақ қойылады. Сұрақтарға мүдірмей дұрыс жауап берген тыңдарманға өлең оқу мүмкіндігі беріледі. Апта сайын толассыз хабарласқан тыңдарманның әдебиетке деген қызығушылығы артып келе жатқанын өздері-ақ айтып растап отырғаны дәлел. Арғы бергі тарихымызды екшеп өлең-жырға қосып жүрген ақынжанды тыңдармандар сөз қосып хабарласып жатады. Адамдарды құлшына алға басуға жігерлендіріп, әділетті, ақиқатты сөз ететін, тәрбиелік мәні күшті бәйекті сөздер жазып жүрген ақындар аз емес. Әр эфир, міне осыған арналады. Ал лирикалық сағатта тыңдармандар хабарласып өздері жазған немесе сүйіп оқитын ақындарының өлеңдерінен үзінді оқып береді. Дәуірлер бесігін бөлеген қазақ көркем ойы мен көркем сөзінің жаңа дәуірдегі өмір сүру қабілетіне байланысты кейінгі ақындардың да жырлау мәнерін байқаған көпшілік ой қосып хабарласады. Кейде адам өз жанын жарып шыққан шынайы сезімге толы өлеңдерін өзгенің тыңдағанын қалайды. Немесе өзіне ұнаған өзге ақынның өлеңін оқығысы келеді. Міне, осындай жандардың тілегін орындау мақсатында шығатын бағдарлама әр дүйсенбі жастарға арналған уақытта жүруде.
«Өнер айдыны» хабарының мақсаты - еліміздің түпкір-түпкіріндегіөнер ұжымдарын халыққа насихаттау. Қазақ халқында ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халық әуенінің сұлулығын, тереңдігін, шынайылығын, халық сазгерлерінің жүрек тебірентер әсем әуендерін тыңдаушылардың жүректеріне жол тауып келе жатқан елімізде көптеген өнер ұжымдары бар. Соларды дәріптеу, ұлықтау барысында жас журналист Жанғазиева Алтынай Баратқызы тыңдарман қауымға қаламыздағы біраз оркестр, ансамбль ұжымдарын танытып келді. Еліміздің әр өңірінде гі өнер ұжымдарын халық бірін білсе, бірін біле бермейді. Міне, бұл хабарда ұлттық өнеріміздің қаймағын бұзбай сақтап келген талай-талай өнер ұжымдары халыққа кеңінен танытатын болады. Ұлы композитор, дирижер Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев бастап кеткен жол мәңгілік мұра болып қала бермек. Қазір эстрада жанры басымырақ сұранысқа ие болғандықтан, дәстүрлі өнеріміз тысқары қалып бара жатыр. «Жаһандану дәуірінде қазақтың ұлттық бай қазынасы жұтылып кетпеуі керек» дейді мамандар. Батысқа, шығысқа еліктемей ұлттық өнеріміздің мәнін кетірмей, халық әндері мен күйлерін дарынды композиторлардың шығармаларын оркестр, ансамбль ұжымдары бүгінге дейін өз қалпында орындап келеді.
«Айтұмар» хабары көне дәстүрлерді бүгінге дейін сақтап, дамытып жүрген суретші,зергер, қолөнер шеберлері жайында сыр шертеді. Халықтың қолданбалы өнері – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Осы қайнар көз – дәстүрлі өнерді ары қарай дамытып жүрген суретшілерден, қолөнер шеберлерінің ерен еңбектерінен тұрады. Олардың көз майын тауысып жасаған туындылары халықтың асыл мұрасы болып қала бермек.
«Армандастар» - «Жадымда қалған сол әуен» деп тыңдармандар ой бөлісер интерактивті әдеби-сазды бағдарлама.
«Ағымнан жарылсам» – Мөлдір Жанбаеваның осы хабары арқылы өнер әлеміне өзгеше өрнек салған әнші-сазгерлермен, қаламы қарымды жазушылар мен от ауыз, орақ тілді ақындармен бүкпесіз сырласып, шынайы болмысына қанығамыз. Бұрын-соңды көпшілік алдында айтылмаған сырларын аша отырып, еркін сұхбат жүргізуді мақсат етеміз. «Әр адам - ашылмаған бір әлем» екендігін ескерсек, танымал тұлғалардың айтылмаған ішкі сыры, ішкі толғанысы қарапайым тыңдарман үшін қызықты болмақ.
«Менің елім» - еліміздегі ұлтаралық достықты дәріптейтін хабар. Бір атаның баласындай, бір өзеннің сағасындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдері қазақ халқына деген шексіз ризашылықтарын қазақ тілінде әңгімелеп береді. Бұл - Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы.
«Біз екеуміз» хабары - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы ретінде 2011 жылдың наурыз айынан бастап эфирге шығып келеді. Авторы журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Ләззат Қапышева, редакторы әрі жүргізушісі Әсел Ергешқызы. Бүгінге дейін шығармашылық топ Астана, Алматы облысы (қаласы), Ақмола облысы (Көкшетау), Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы (Жаңақорған ауданы), Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында іссапарда болып, өңірлердегі үлгілі отбасыларды тыңдаушыларға насихаттап, 50-ге жуық арнайы хабарлар дайындады. Ұзақтығы 20 минутты қамтитын хабар әр жексенбі сайын 14:00-де Қазақ радиосының эфиріне шығып отырады. Жанұя жарастығын сақтап, татулықтың шырағын жаққан ерлі-зайыптылар – хабардың басты кейіпкерлері бола алады. Хабар барысында бүгінде немере мен шөберенің бал қылығына бөленіп отырған кейіпкерлер өздерінің таныстығын, бір-біріне деген ең алғашқы сезімдері мен отбасындағы қиындықтарды жеңу жолындағы әдіс-тәсілдерімен бөлісе отырып, тыңдаушыға шаңырақтың беріктігін сақтауды өсиет етеді.
«ӘН-ШЕРУ» - қазақ эстрада жанрындағы жаңа әндердің шеруі. Жүргізуші Әсел Ергешқызы. Бүгінге дейін 19 айналымды қорытындылап үлгерген шеруде үздік әндерді тыңдарман анықтайды. Сенбінің кешінде тікелей эфирге шығатын жобаға әр айналым сайын 8 жаңа ән қатысады. Ал айналым 4 шығарылымнан тұрады, ұзақтығы - 1 ай. Эфир барысында 8 /7172/ 55 33 55 байланыс телефонын теру арқылы және бір ай бойы www.kazradio.kz сайтына кіріп, негізге беттегі «Ән-шеру» бөліміне тіркелген әндердің ішінен өзіне ұнағанына дауыс беру арқылы тыңдаушы таңдауын жасай алады. Мақсаты - өнер өлкесі перзенттерінің әндерін насихаттай отырып, «Алтын қорымызды» байыту, көпшіліктің құлағына жете қоймаған жаңа әндерді ең әуелі Қазақ радиосының тыңдармандарына насихаттау арқылы, ауқымымызды кеңейту, сайттағы арнайы бөлімде дауыс жинау арқылы оқырман санын арттыру. Қатысушылар жасына шек қойылмайды. Дегенмен, шеруге қатыстырылатын әндердің көркемдік сапасы, әншінің орындаушылық шеберлігі ескеріледі. «Ән-шеру» - Халықаралық «Дала дауысы» байқауының қатысушылары үшін алғашқы саты ретінде де саналды. Яғни, мұнда 80 пайыздан астам дауыс жинаған ән «Дала дауысы» байқауының екінші айналымында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Қазақ радиосының сайтындағы рейтинг бойынша, әр сенбінің кешіндегі тыңдаушылар санының күрт өсуі – «Ән-шерудің» тыңдаушыларының көптігінің, сұранысқа ие жоба екендігінің айғағы. Және хабардың жазба нұсқасы Республикалық «Алаш айнасы» газетінің бетінде «Әселдің ән шеруі» айдарымен берілуі және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жариялануы мен әлеуметтік желілерде жақсы пікірлерге ие болуы, үнемі талқыға түсіп жатуы - жобаның өз аудиториясының қалыптасқандығының тағы бір дәлелі. Мәселен, соңғы үш айналымның қорытындысы нәтижесіне көз жүгіртіп көріңіз: 17-айналым жалпы саны 845 дауыспен қорытындыланса, 18-айналымда 17 114 адам сайт және эфир барысында қоңырау шалу арқылы дауыс берген. Ал, 19-айналымның нәтижесінде 51 950 тыңдарман сайт арқылы, 252 тыңдарман телефон арқылы дауыс берген. Бұдан күн өткен сайын тыңдармандардың «Ән-шеруге» деген қызығушылықтарының артқандығын байқауға болады.
«Жұлдыздар сөнбейді» — Өмірден өткен танымал тұлғалар жайлы хабар.
«Қазақ операсы» атты Айгүл Мақашеваның хабарындаәлем сахнасында жұлдызы жанған өнрепаздар қазақтың классик композиторлары, дирижерлар бас қосқан ұлы өнер – ұлт операсы. Осы бір таңғажайып өнер әлемдегі теңдесі жоқ дарынды дарабоздардың шығармалары қазіргі ұлттық операның жеткен жетістіктері жайлы білгіңіз келсе, ұлы өнер хабарын тыңдауға шақырамыз.
Күніне 2 сағаттан тікелей эфирде өтіп келген «Замандас» бағдарламасы енді 3 сағат бойы тыңдаушыларға түрлі қызықты ақпараттар, әдеби-мәдени тақырыптардағы соны жаңалықтар ұсынуда.
«Замандас» бағдарламасы жаңа маусымда қосымша мынадай жаңа айдарлармен толықпақ:
«Таразы» - «Замандас» бағдарламасының тарихи тақырыптағы қосымша айдары. Деректер мен дәйектерді сөйлететін айдар. Тарихи мұраларымыздың сақталуы, олардың ұрпақтан ұрпаққа жетуі сөз етіледі.
«Жұмбақ әлем» - «Замандас» бағдарламасының тарихи тақырыптағы қосымша айдары. Тарихтың адам қолымен жасалған түрлі туындылары хақында.
«Жібек жолы» - «Замандас» бағдарламасының тарихи тақырыптағы қосымша айдары. Еліміздегі тарихи өңірлер насихатталып, сараптама жасалады.
«Ұлылардың ұлағаты» - «Замандас» бағдарламасының тарихи тақырыптағы қосымша айдары. Қазақстанның ұлы адамдары мен тарихи тұлғалары өмірімен таныстыру. Танымал тұлғалардың балалық шағына саяхат. Қазақ өнері мен мәдениетіне, әдебиетіне еңбегі сіңген ұлт тұлғаларының алғашқы жазбалары мен әдебиетке жасаған алғашқы қадамы жайлы.
«Шабыт» - Бүгінгі қазақ мәдениетінің өркендеуіне өз еңбегін сіңіруге талпынып жүрген өнер адамдарының шығармашылық портреттерін жасау және өнер әлемінде болып жатқан мәдени жаңалықтарға үн қосып отыру.
«Мәдени мұра» - Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының ел өмірінде орындалуын тыңдармандарға жеткізу.
«Кітап әлемі» - Аты айтып тұрғандай, бүгінгі қазақ баспа және полиграфия өндірісіндегі, кітап шығару мен кітап саудасын ұйымдастырудағы, кітапхана мен оқырмандар арақатынасындағы жаңалықтарды жеткізеді.
«Әдебиет әлемі » - әлем әдебиетіне шолу.
«Талант пен тағдыр» - Әдеби-танымдық, шығармашылық портрет. Әдебиет, мәдениет, өнер саласында ерте жанып сөнген, яғни ерте өмірден өткен дүлдүл таланттар мен тағдырдың салуымен ерте жарқ етсе де кейінгі өмірі күрт басқа арнаға бұрылған дарындардың қилы өмірі мен бізге беймәлім қырлары жайында әңгімелеу. Қас таланттардың айналасында өрбитін небір аңызға бергісіз әңгімелер мен өсек-аяңдардың байыбына жету.
Әр хабарда бір кейіпкер жайында әңгіме қозғалады. Таспа арқылы жасалады. Кейіпкер өмірден өткен болса, оның көзін көргендер мен туған-туысқандарын сөйлету, оның шығармашылық өмірінен сыр шерту, түрлі естеліктер мен күнделіктерді, жазбаларды пайдалану.
«Алаш аманаты» - Алаш қайраткерлері жайлы сыр шертеді.
«Болашақ білімнен басталады» - Білім саласындағы мәселелер жайында ой толғайды. Жастарымыздың білім деңгейі қандай? Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды алға тартады.
Ләззат Қапышева,
Қазақ радиосы
Әдеби-сазды бағдарламалар
редакциясының жетекшісі
«Шалқар» радиосының жаңа маусымда шығатын хабарлары.
«Шалқар» радиосы – қазақ тілінде хабар тарататын республикадыға жалғыз арна. Радионың негізгі бағыты мен мақсаты – ұлтымыздың тарихын саралап, еліміздің бүгінгі таңдағы жетістіктерін насихаттау. Осы тұрғыдан алғанда «Шалқар» радиосы халқымыздың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тілі мен ділін, дінін, әні мен сазын, әдеті мен ғұрпын, салт-санасы мен дәстүрін кеңінен насихаттап келеді. Жаңа маусымда арналып дайындалған радиохабарларда да осы мәселелер ұлттық арнамыздың негізгі нысанасы болып отыр. Радижурналистеріміз дайындаған жаңа хабарларда тыңдарман қауымның талғамына сай келетін, тәрбиелік маңызы дүниелермен қатар, еліміздің экономикалық, индустриалды-инновациялық даму жолын сөз ететін мәселелер қамтылады.
«ЭКСПО.KZ»
«Экспо-2017» көрмесін өткізудің ел тарихы үшін маңыздылығы тілге тиек етіледі. Хабарға қатысқан сарапшылар тұңғыш рет қазақ елінде өтетін халықаралық көрменің ерекшелігі, осыған байланысты салынатын нысандар, іске асатын жобалар мен атқарылып жатқан жұмыстардың мән-жайысын баяндайды.
«Шалқар шаңырағында»
Шалқардың шаңырағына қонаққа келген танымал тұлғалар ұлт болып ұйысу, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тағылымы жайында әңгіме қозғайды. Тікелей эфирден өтетін 30 минуттық хабар барысында «Шалқар» радиосының тыңдармандары келген мейманға осы мәселеге байланысты көкейінде жүрген сауалдарын қоя алады.
«Ұлттың жаны-ұлт тарихы»
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» атты тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын жасауды ұсынған болатын. Осыған орай Еуразия ұлттық универсиетінде сөз сөйлеген Мемлекеттік хатшы Марат Тажин өз тарихымызды електен өткізіп, тұтастай ұлттық тарихи картинаны жасауымыз қажеттігін қадап айтқан еді. Хабарға қатысатын белгілі тарихшылар мен ғалымдар Мемлекеттік хатшы Марат Тажиннің тапсырмасының іс жүзінде қалай жүзеге асып жатқаны жайында әңгімелейді.
«Сал домбыра»
Кез келген елдің ұлттық табиғаты мен болмыс-бітімін айқындайтын дүниесі - оның төлтума мәдениеті. Соның ішінде ән өнерінің алатын орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда «Сал домбыра» хабары «Шалқар» арнасындағы ұлттық музыканы насихаттайтын бірегей жоба болғалы отыр. Хабар барысында ұлтымыздың ән өнерінің тарихы, сан қырлы табиғаты туралы әңгіме қозғалады. Хабарға дәстүрлі әншілер қатысып, әншілік мектептердің тарихына тоқталады, оның халыққа жету жолы туралы баяндайды.
«Жеті ғасыр жырлайды»
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Халқымыздың сан ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес мұрамызды тыңдарман қауымға дикторлардың оқуында ұсынамыз. Халқымыздың ұлт болып ұйысуында айрықша орны бар ақын-жырауларымыздың таңдаулы жыр жауһарлары аптасына үш рет 10 минуттан беріліп отырады.
«Жүзден жүйрік»
Ұлттық-танымдық интерактивті хабар. Бағдарлама барысында өнер әлемі, ұлттық мәденит, тарихқа қатысты тыңдарман танымын арттыратын сұрақтар қойылады. Және қазақ кинолары мен әндерінен үзінді жасырылып, бағдарлама ойын түрінде өтеді.
«Ойталқы» радиоконференция
Айтулы даталарға, мемлекеттік маңызды оқиғалар мен ұлттық бірлікке, Алаш идеясына негізделген радиоконференция. Бұл бағдарламаға кем дегенде 3 адам қатысып, белгілі бір тақырып жөніндегі ойларын ортаға салады. Хабарға тарихшы ғалымдар, ел ағалары, әдебиетші мамандар мен зерттеушілер шақырылады.
«Мамандық әлемі»
Бағдарламаның баста мақсаты – түрлі мамандықтар туралы ақпарат беріп, әр мамандықтың қыр-сырын түсіндіру. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін түсіндіріп, мамандық жайлы толық түсінік беріледі. «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап береміз.
«Қазына» радио ойыны
Кітап оқу – бұл тек бос уақытты өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін пайдалы іс. Сондықтан радиоойынның мазмұны қазақтың ақын-жазушыларының қазынаға толы шығармаларын тыңдармандарға оқытып, сол шығармаға байланысты сұрақ қою арқылы жеңімпазды анықтау. Мәселен, «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша сұрақтар қойылады, сол хабарда ең көп сұраққа жауап берген жеңімпазға сый-сияпат табысталады.
Abai.kz