Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2562 1 пікір 7 Желтоқсан, 2023 сағат 15:54

Ұлы Кремний даласы. Онлайнда өз бақытын тапқан мемлекет

Қазақстан біздің экономикалық блок қатты жақсы көрген Doing Business рейтингінде 25-ші орынға көтерілгенде, 2021 жылы Дүниежүзілік банк осы рейтингті жауып тастады. Сондықтан біз бизнес жүргізу оңайлығы бойынша жаңа рейтинг шыққанша әлемдегі 25-ші мемлекет болып ұзақ уақыт жүре беретін сияқтымыз.

Бір нәрсе анық. Қазақстан оффлайнда керемет жетістіктерге жете алмағандықтан (жол тесік, LRT, ауылда су жоқ, ТЭЦ-тер жарылуда), онлайнға толық ауысуға шешім қабылдаған болатын. Онлайнда жолымыз болып, 2022 жылы электронды үкіметі барынша дамыған 30 елдің қатарына ендік. Финтех, онлайн, технологиялық компаниялар секторы 2017 жылдан бері 150 пайызға өсіп, 2021 жылы 1,79 триллион теңгеге жетсе, биыл шамамен 2,5 триллионнан асты деп айтуға болады. Сонда, технологиялық сектор біздің ішкі жалпы өніміміздің 2,4%-ын құрап отыр.

Осы орайда өзіміздің отандық единорогтардың болуы (нарықтық капитализациясы 1 миллиард доллардан асатын технологиялық стартап) біздің әлемдік технология жарысындағы жақсы позициямызды қамтамасыз етсе, халықаралық беделі бар, нарықтан өз орнын алған шетелдік стартаптардың қазақ юрисдикциясына көшіп келуі біздің инвестициялық тартымдылығымызды тағы да арттырады.

Қазақстан халықаралық компаниялар үшін өз офисін ашып, біз арқылы ЕАЭС пен Орталық Азияға экспансия жасауға тартымды жер екенін халықаралық ойыншылар енді түсіне бастады. InDrive сынды халықаралық стартаптардың Қазақстандық компания атануы – осы лектің басталуына үлкен триггер болуы мүмкін. Әрі Арсен Томский үшін халықаралық экспансия дәл осы Қазақстаннан басталған болатын. Астана Индрайвердің 2014 жылы өз тарихында ашқан ең алғашқы шетелдік нүктесі еді. Индрайвердің Астанада жетістікке жеткені Арсен Томскийдің осы такси сервисіне әрі қарай сеніп, оны халықаралық нарыққа шығаруына сеп болды.

Енді Dodo Пиццаның Қазақстанға көшуін болжауға болады. Оның көсемі Федор Овчинников та келесі жылы көк паспорт жолында кезекке тұруы мүмкін. Онымен бірге, World of Tank ойынын жасаған беларустың Wargaming студиясын тартсақ жаман болмас еді.

Жалпы ешкімге керек емес, ешкім елемейтін ел болғанша, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы мол мемлекет болған анағұрлым жақсы. Бір танысым айтқандай «движение көп болса, ақша да көп болады».

фото: ғаламтордан

Айбар Олжаев

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394