Киіктерге жойылу қаупі төніп тұрған жоқ
Киік «жойылу қаупі жоғары» санатынан «жойылу қаупі төмен» санатына ауысты.
2023 жылдың 11 желтоқсанында Халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО) киіктің Халықаралық қызыл тізімдегі «жойылу алдында тұрған» санатынан «қауіп төнуге жақын» санатына ауысатынын жариялады.
Киіктің «жойылу қаупі жоғары» санатынан «жойылу қаупі аз» санатына ауысуы Қазақстандағы киік санының көбеюіне тікелей қатысты.
Жануар түрлерін қорғау және санақ жүргізу жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені республикадағы киік популяциясын сақтау мен қалпына келтіруде айтарлықтай жетістікке жетуге мүмкіндік берді.
2003 жылы еліміздегі киік саны — 21 мың болса, 2023 жылы Қазақстандағы киік саны — 1 млн 915 мыңға жеткен (2023 жылғы көктемгі санақ деректері бойынша Қазақстандағы киіктің болжамды саны — 1 915 000 жетіп, ҚазКСР кезеңінің ең жоғары көрсеткішінен (1 200 000 дарақ) асып түскен.
2006 жылдан бастап Қазақстан Үкіметі жалпы ауданы — 5 081 485 га киік мекендейтін жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрды және кеңейтті.
Киіктің бетпақдала популяциясын қорғау үшін «Ырғыз-Торғай», «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваттары, Орал популяциясы үшін «Бөкейорда» резерваты құрылды.
Abai.kz