Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 1379 2 пікір 19 Желтоқсан, 2023 сағат 20:22

Жаңа мектептер салу мәселелері

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мектептер мен жабдықталған кабинеттер ашу, мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және ағымдағы жылы білім беру саласын дамытудың басқа да көрсеткіштері.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздің одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыруының басты бағдарын айқындап, жаңа әділ қоғам – Жаңа Қазақстанның базалық институттарын қалай құру керектігі туралы айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы тапсырмасының орындалуы заңды тұрғыдан іске асып жатыр. Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою үшін депутаттардың бастамасымен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары биылғы жылы қабылданды.

Сөйтіп сотталған жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылып, мектептер салуға жұмсалуда.

2022 жылы апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін 136 мың оқушы орнына 247 мектеп пайдалануға берілді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 88 мың оқушы орнына арналған 96 жаңа мектеп салынды. Жаңа мектептер 29 үш ауысымды және 12 апатты мектептер, 113 елді мекендердегі оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуде.

Мектептердің жұмыс жүктемесі мен апаттық жағдайын шешу мемлекеттің барлық балаларды қауіпсіз және жайлы жағдайда сапалы оқытумен қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Үш ауысымды білім беру және апатты мектептер проблемаларын шешу үшін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына 369 мектеп салынатын  болады.

Бұл көрсеткіштерге жету үшін алдағы үш жылдық кезеңге республикалық бюджетте 2,3 трлн. теңге қаражат қарастырылған.

Жаңа форматтағы мектептер қалаларда және белсенді дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде бірыңғай стандарт бойынша салынатын болады. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының арқасында үш ауысымды және апатты мектептердің проблемалары шешілуде. Бұл білім сапасын айтарлықтай арттырады.

Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында кемінде 7000 заманауи робототехника, химия, биология және физика кабинеттерін ашу туралы айтқан болатын. Ағымдағы жылы осы бастаманы орындау мақсатында 18 өңірде 718 мектепте 1004 жабдықталған кабинет ашылды, оның ішінде химия – 248, физика – 261, STEM – 172, робототехника – 91.

Мұндай кабинеттердің болуы оқушыларға практикалық дағдыларды дамыта отырып, тиімді интерактивті оқытуға мүмкіндік береді, бұл оқу материалын жақсы игеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай кабинеттер оқушылардың техникалық және ғылыми пәндерге деген қызығушылығын оятады.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы білім алушылар мен педагогтар үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасауды көздейді.

Жоба педагогтар үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жаратылыстану-ғылыми пәндер кабинеттерінің қамтылуын айқындайды. Бастауыш сыныптарға жеке блоктармен жабдықталған болуын, негізгі және орта мектептер, әмбебап шеберханалар мен студиялар, толық қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуын көздейді.

Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2023-2024 оқу жылдарына қауіпсіздік жүйелерінің орнатылуы мен олардың жұмыс істеуі 100% қамтылады. Оларды бейнекамералар және on-line түрде жедел басқару орталығына (ЖБО) қосу, күзет кәсіпорындарының пультіне қосылған дабыл түймесі, турникеттер орнату болып табылады.

Сонымен қатар қауіпсіздік жүйелерінің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері қауіпсіздік жүйелерінің нұсқаулығы талаптарына сай техникалық сәйкестіндіру бойынша мониторингін үнемі тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Оқушылардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру үшін биылғы жылдың 25-29 қыркүйек аралығында барлық мектептерде төтенше жағдайлар туындаған кезде болатын іс-қимыл алгоритмдерін пысықтай отырып, республикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Бұл іс-шараларда 7,7 мың мектептерден астам, 3 млн оқушылар мен 550 мың мамандар қатысты.

Алтынбек Нұхұлы

Abai.kz 

2 пікір