Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2588 0 пікір 10 Қазан, 2013 сағат 04:39

Тұрсынбек Кәкіш ақсақалдың Абылай ханның асында айтқаны

...Сөздің қысқасы, Абылайдың тойы Астанада өтуі керек еді. Бір жыл бойы «Абылайдың жылы» деп атап, содан кейін биікке көтеріп сөйлейтін болсақ, хан бабамыздың рухы өзінің ұлттығын ұмытып бара жатқан ұрпағымызға сіңісті болар еді. Әрине, оларға «Абылай кім? Ол қандай заманның тұлғасы болды?» дегенді орысша да, ағылшынша да, шүршітше де түсіндіріп айта беруіміз керек. Алайда, бірақ, қалай болғанда да, осындай халықтық мәні бар, ұлттық мәні бар үлкен тойлар Астанада өтуі тиіс-ті.

Мен бұл арада Көкшетауды менсінбей тұрған жоқпын. Көкшетау өзімнің туған жерім. Бірақ қалай болғанда да осындай тойларды мемлекеттік деңгейде жарқыратып жасау керек еді. Осы Астананың неменесі еді, әлгі, туған күнін улап-шулап өткізесіңдер ғой. Марат, Мемлекеттік хатшысың ғой (Мемехатшы Марат Тәжин.-ред), анау қолыңдағы қаламмен талайларды ұлттық мақсатқа қызмет еткіз. Мынау министрлеріңнің көбі қазақшаны да дұрыс білмейді.   

Құдай сақтасын, енді Тәуелсіздіктен айырылмайтын шығармыз. Өйткені жан-жағымыз дұрысталып қалды. Осы жағынан алғанда қазақ халқының ұлттық намысын әйгілеп, қазір «мен елмін, мен ешкімнен кем емеспін» деп жүретін дәрежеге жетуіміз керек. Сондықтан Үкімет басшыларына өтініш - елдігімізді күшейтейік, ағайындар!

Таңертеңнен кешке дейін «қазақ әлемді аузына қаратып жатыр» дегеннен ештеңе шықпайды. Одан да елдігімізді күшейтіп, намысымызды қайрайық. Анау Кавказдың грузиндері ия болмаса, армяндары мен азербайжандарының қасына барған кезде біздер сүмірейіп тұрамыз. Олай болмасын!

Сондықтан бастарыңды көтеріп, иықтарыңды тік ұстап, ел жұрттың ортасында «Біз де халықпыз, біз де елміз», - деп тіршілік етейік!

Бейбітгүл Исаеваның фейспарағынан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385