Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3306 0 пікір 14 Қазан, 2013 сағат 06:23

Шерияздан Елеукенов. «...Тұлпарының табанынан шашыраған боқтыққа сүйсіне алмайсың»

«Әнеу бір жылы Рымғали інім айтып күлдіріп еді. Жазушы Мұхтар Мағауин досымен бірге, екеуі қазақ қаламгерлері делегациясының құрамында Шығыс Түркістанға, Синьцзиянға бара қалады. «Сонда, - дейді Рымғали, - кездескен қазақтардан руың кім деп сұрағанымызда: біреуі – найман, енді бірі жалайыр не уақ боп шығады. Ал кереймін десе, Мұхтар қорбаңдап келіп, құшақтай алып, бетінен борп-борп сүйеді...»

«Соңғы сегіз ғасырдың ішінде еліміздің басында үш-ақ қазақ отырыпты. Жұмабай Шаяхметов пен Дінмұхамет Қонаев бодандық жағдайында ел үшін істелуі тиісті нәрсенің бәрін істеді. ...Үшінші қазақ – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ініміз бұған дейінгі бар хандардың иісалмастығынан айырылғанымызды (Ахмет Байтұрсынов «надандығынан» дейді) қайтарып алу үстіне, халқымыздың ежелгі арманы – қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманға алып келе жатыр».

«Бұлар да басынан сөз асырмайтын қырғи тілділер болса керек. Сәкен одақтың бір үлкен жиынында: «Осы біздің Сәбиттің сөзі тұлпардың жазғытұрым қатқақта шапқан шабысына ұқсайды. Шабысына сүйсінгеніңмен, тұлпарының табанынан шашыраған боқтыққа сүйсіне алмайсың», - депті. Мағжан болса: «Сәкен, Сәкен, Кекең-кекең», деп қиыстырады».

«1972 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде сыншы Зейнолла Серікқалиевтің «Тарихи шындық бұрмаланбасын» деген көлемді мақаласы жарияланды. «Алмас қылыш» романына қазақ хандығының құрылуын «таптық күрес» принципі тұрғысынан көрсете алмаған деген ауыр кінә тағылды».

«Көркем әдебиет тіліне» арналған пленум өтетінін естіп, салып ұрып жетпейміз бе. Екі көзім – көк матамен жабылған пленум президумы үстелінің үстіне шынтақтап қырын отырған көкжал арландай Мұхтар Әуезовте. Баяндамашы, ҚазПИ-дің кафедра меңгерушісі филология докторы, профессор Сәрсен Аманжолов сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің мақтауын жеткізіп ұзақ сөйледі. Онымен шектелмей, сөз саптау мәнерін Мұхтар Әуезов стилінен жоғары қойды. «Мұхтар Әуезовтің сөйлемдері шұбалаңқы, бұл жазушының орыс классиктеріне жөні жоқ көп еліктейтіні байқалады», - деп сынауға көшкенде, кенет Мұхаң шешеннің сөзін бөліп жіберді: «Сәрсен-ау, Мұхтарды дәл қазір сынап жақтыртпай тұрғаныңмен, соңыра грамматика ережесін түзегеніңде мысалды бәрі бір шұқынып менен іздейсің ғой!» - деді. Отырған жұрт ду күлдік»..

Шерияздан Елеукенов  шығармалары. І том. 22,  34, 36, 43, 311-нші беттер

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371