Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 2678 25 пікір 12 Қаңтар, 2024 сағат 15:24

Йеменге жасалған соққы: Халықаралық реакция қандай?

АҚШ пен Ұлыбританияның әскери операциясы Иран белсенді қолдайды деп есептелетін Йемен хуситтері тарапынан көлік және әскери корабльдерді үнемі атуға жауап болды. Шабуыл Израильдің әскери операциясы жүріп жатқан Газа секторын қолдау ретінде басталды.

Йеменге жасалған шабуылдар бұрын-соңды болмаған оқиға емес-тін. 2002 жылдан бастап АҚШ осы елдегi нысаналарға 400-ге жуық соққы жасады. Алайда, биылғы операция 2016 жылдан кейінгі шабуыл болып саналады.

10 қаңтарда Йемен хуситтері алғаш рет Қызыл теңізде АҚШ кемесіне шабуыл жасағаны хабарланды. Шабуыл 31 желтоқсанда американдық тараптан олардың әскери-теңіз күштеріне жасалған шабуылға жауап ретінде жасалды. Шабуыл баллистикалық және кемеге қарсы зымырандардың, сондай-ақ дрондардың көмегімен жасалған.

Келесі күні белгісіз адамдар Оман шығанағында - Сохар портынан алыс емес жерде кемеге қарулы шабуыл жасады. Осы сәттен бастап экипажбен байланысқа шығу мүмкін болмай, тергеу жүргізілуде. Кемеге кем дегенде төрт перделі адам кіргені белгілі.

Осы оқиғадан кейін іле шала АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге шабуыл жасады. Атыс ел астанасы Санада және порттық қалаларда жүргізілді. Оған жауап ретінде хуситтер бүкіл өңірді өртеуге уәде берді.

Соққылар үшін жауынгерлік ұшақтар пайдаланылды. Теңізден Таяу Шығыс елі бойынша эсминецтерге орнатылған Tomahawk қанатты зымырандары ұшырылды. Бұдан басқа, CNN хабарлауынша, аймаққа 2023 жылғы 23 қарашада келген USS Florida сыныпты «Огайо» атомдық су асты қайығы осы шабуылға тартылған екен.

ҰЛЫБРИТАНИЯ:

Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Риши Сунак Нидерланды, Канада және Бахрейн бейәскери қолдау көрсеткенін айтты.

АҚШ:

Америка Құрама Штаттарының президенті Жо Байден АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге соққысы қорғаныс сипатында екенін түсіндірді. Ол хуситтерді ату «теңіз навигациясы еркіндігіне қарсы дұшпандық әрекеттерге бұлтартпас жауап» көрсетуі тиіс деп мәлімдеді.

Ақ үйдің басшысы Вашингтон Йеменге қатысты қосымша шараларды жоққа шығармайтынын айтты.

«Бұл шабуылдар АҚШ пен одақтастардың шабуылдарға шыдамайтыны және аса маңызды коммерциялық бағыттардың бірінде навигацияға қауіп төндірмейтіні,- туралы айтқан Джо Байден, - Атыс басталғаннан бір сағат өткен соң АҚШ хуситтердің позицияларына шабуылдар өз мақсаттарына жетті, шабуыл аяқталды»,- деп мәлімдеді.

Американың жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, бомбалаудың мақсаты радиолокациялық станциялар, зымыран қондырғылары және жағалаудағы бақылау бекеттері.

ЙЕМЕН:

Йемен қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің мүшесі, хуситтердің өкілі Абдулсалам Джахаф елге жасалған соққыға қатысты: «Біз әрекет етеміз деп айтпаймыз. Біз шара қолданамыз. Менің тек үш сөзімді есте сақтаңыз: біз өңірді өртейміз», - деп сендірді ол.

Өз кезегінде Йемен сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн әл-Эззи соққы үшін кек алуға уәде берді.

«Ел жаппай шабуылға ұшырады. Әрине, Лондон мен Вашингтонға осы агрессияның барлық ауыр салдары үшін жоғары баға төлеуге тура келеді», - деді ол.

Бұл туралы әлемдік саясаткерлер түрлінше пікір білдіруде енді соларды тізбектей кетейік:

ИРАН:

«Бұл соққылар Иеменнің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қарсы жасалған соққы. Бұл соққы Халықаралық құқықты өрескел бұзу болып саналады және аймақтағы тұрақтылықты бұзады!», - деді Иран Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Насер Канаани.

ХЕЗБОЛЛА:

«АҚШ-тың бұл агрессиясы АҚШ-тың Газадағы трагедия мен бейбіт халық өлімнің толыққанды серіктесі екенін тағы бір жолы дәлелдейді», дейді Ливандағы Хезболла лидері.

САУД АРАБИЯСЫ:

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі тараптарды дауды ушықтырмауға шақырды.

«Біз бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отырмыз», - деген Саудия СІМ-і: «Кемелер жүрісінің еркіндігі мен қауіпсіздігі - Халықаралық құқық талабы», - деді. Ал Хуситтер Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасауды бірінші бастап, мұны Палестинаға көмек деп мәлімдеген.

НИДЕРЛАНДЫ:

Нидерланды премьері Марк Рютте: «ААҚШ пен Ұлыбританияның бұл қадамы өзін-өзі қорғау приципінен жасалды. Қызыл теңіздегі кемелердің қауіпсіздігін қорғауға бағытталды. Нидерланды теңіз тасымалында ұзық жылдарғы тарихы бар мемлекет ретінде кемелердің қауіпсіздігіне ерекше мән береді және бұл операцияны қолдайды», - деді.

АҚШ:

«Иран мен оның сенімді өкілдері АҚШ өз әскери нысандарына бірнеше жолы шабуыл жасауға және теңіз жолдарының қауіпсіздігін бұзуға әсте жол бермейтінін түсінуі керек!

АҚШ аймақта тұрақтылықты шайқауға, жаңа соғыс бастауға ниетті емес. Бірақ, бізге жасалған шабуылдарға тойтарыс беруге міндеттіміз! Жаһандық саудаға, теңіз жолдарының қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермейміз», - дейді АҚШ-тың республикашыл сенаторы Сьюзан Коллинз.

«Мен бұл мақсатты соққылардың жасалуын қолдасам да, Байден әкімшілігіне аймақтағы тұрақтылықты сақтау үшін дипломатиялық қадамдарға баруын ұсынамын», - дейді демократ-конгрессмен Грегори Микс.

Қазақстан тарабы бұл оқиғаға қатысты мәлемдеме жасаған жоқ.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5261