Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 2099 3 пікір 17 Қаңтар, 2024 сағат 14:53

Желідегі жасырын күмәнді діни насихаттың құны қанша?

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Біздің Ата заңымызда жазылғандай біз зайырлы мемлекетпіз. Дін мен мемлекеттің ара жігі ашылған. Бір-бірінің ісіне қол сұқпайды. Бұл енді бәрімізге де белгілі жағдай.

Алайда қандай да капиталистік қоғамда ақша билейтіндіктен, қалтасы қалыңдар бүгіндері алып та жығады, шалып та жығады. Және кіріспейтін жері де жоқ. Ондайлар өздерін заңнан да жоғары тұрмыз деп есептесе керек.

Сондықтан да мұндайлар қазір әлемжеліге ауыз салып, ақшаның күшімен әртүрлі күмәнді насихат жүргізуге көшті. Олардың ішінде діни насихат та бар. Бұл жерде қоғамда өзіндік орны бар Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы секілді ұйымдар жүргізіп жатса бір сәрі. Оның жөні бөлек. Алайда кейінгі кездері әлдебіреулер әлемжелідегі белгілі блогерлерге қыруар қаржы ұсынып, ислам дінінің өмір салтын насихаттау жөнінде неше түрлі ұсыныс жасайтын көрінеді.

Мәселен, "BES.media" порталының жазуыны қарағанда, "Qamaladin Media" медиа-агенттігінің негізін қалаушы  Абылайхан Камалидиннің "Arman Abdolla" ютуб арнасына берген сұхбатында осы жайтқа алаңдайтындығын білдірді.

- Маған бірқатар блогерлер келіп, оларға ай сайын діни өмір салтын насихаттап, сол арқылы шын мәнініде исламды қабылдауды ұсынғандығын айтты, - дейді ол.

Мұндай насихат үшін беретін қаламақысы да осал емес көрінеді. Ол айына 10-20 мың АҚШ долларын құрайды. Егер мұны өз ақшамызға көшірсек айына 5 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін жететін көрінеді.

Әрине,біз осыншама мол қаржының қайдан шығып жатқандығынан хабарсызбыз. Мүмкін, олар өзіміздегі байлығы тасыған салафиттер болар. Немесе, мұнайдан түскен байлықтан басы айналып, өздірінің діни көзқарастарын бізге таңғысы келген ниеті жаман шетелдік мемлекеттер болар.

Қайткенде де бұл біз үшін жақсылықа апаратын үрдіс емес. Абай болайық, ағайын!

Жайберген Болатов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508