Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3927 0 пікір 29 Қазан, 2013 сағат 10:48

"Кахахстан"

"Шығыс-ақпараттың" хабарлауынша, Өскемендегі аялдамалардың бірінің атауы  "Кахахстан" деп жазылған.  Бұл – Өскемендегі «Кахахстан», кешіріңіздер, Қазақстан көшесіндегі аялдамалардың бірінің маңдайшасындағы жазу. Қаланың қақ ортасындағы көшенің бойындағы өрескел қате. Иә, бұған дейін де мемлекеттік тілдегі талай қатені көргенбіз. Алайда басқа-басқа, мемлекеттің атауын осылайша қате жазғанды алғаш көруіміз.

Қала тұрғындарының айтуынша, аялдама маңдайшасындағы қате жазудың ілініп тұрғанына он күнге жуық уақыт өткен. Алайда селт еткен ешкімді байқамадық. Тым-тырыс. Маңдайшадағы жазуға тапсырыс берген Өскемен қалалық кәсіпкерлік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдері де, мұны қадағалауға тиіс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі де аузын буған өгіздей үнсіз. Әлде, бұл мәселенің оларға қатысы жоқ па?

Айтпақшы, бұл жерде бір емес, екі бірдей қате кеткен. Байқасаңыз, аялдаманың маңдайшасындағы жазудың мемлекеттік тілдегі мәтіні жоқ, тек орыс тілінде жазылған. Сондықтан құзырлы орындар осы мәселеге тез арада назар аударып, тиісті шешім қабылдар деген ойдамыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 161
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 174
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 156
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 106