Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 10 Қазан, 2013 сағат 05:05

Зайсандық ұстаздар оқулық жазып шықты

 Зайсан қаласындағы М.Әуезов және М.Дәуленов орта мектептерінің ұстаздары Бақытгүл Сапарғалиева мен Назым Масалимованың жалпы білім беретін мекемелердің 9 сыныбына арналған «Информатика» оқулығы жарық көрді.
Сонымен қатар, мұғалімдер осы оқулыққа қосымша 9 сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде әдістемелік «Информатика» құралын құрастырып шығарды. Бұл оқулық Алматы қаласындағы «Арман ТВ» баспасынан 50 мың данамен басылып шықты. Ол биылғы 22 сәуірдегі министрліктің №146 бұйрығы бойынша сараптамадан өтіп, осы жылы қолданылатын оқулықтар тізіміне енгізілді. Бұрынғы оқулықтардан ерекшелігі бар бұл кітап (әртүрлі тапсырмалар, есеп шығару, қорытынды тест) түсінікті тілмен жазылған, жан-жақты тапсырмалары бар. Онда алгоритмдеу, программалау және моделдеу деп аталатын үш тарау қамтылған. Бүгінгі күні сиясы кеппеген жаңа оқулық аудан мектептеріне таратылды.

Дереккөзі: Шығыс-Ақпарат

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395