Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5343 0 пікір 31 Қазан, 2013 сағат 06:19

Гариковке қазақтың теңгесінен өңгесі керек емес екен

31 телеарнаның хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі Дмитрий Гариков «АЭС менің жерімде салыну керек» деп жаханға жар салып жатқан көрінеді. Оның айтуынша, Курчатовта АЭС салынса 12 жылдық құрылыс барысында инфорақұрылым дамып, қала экономикасы жанданады екен.

–       Егер станция бізде салынбаса, өкінішті.  Бізде АЭС салынатын орын да дайын. Бұл нысан бізде болса, Семей көркейеді. Өндірістік қала жанданатын еді. Шағын және орта бизнес инфақұрылымы да алға басатын  еді, - депті Дмитрий пысық.

Айта кетерлігі арнайы комиссия халық наразылығына қарамастан алдағы он бес күн ішінде Қазақстан бойынша  АЭС салынатын үш облыстың атын атайды. Қазірге Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы, Ақтау мен Алматы облысының бір ауылы назарға іліккен. Алайда толық таңдау әлі жасалмаған. 40 жыл Семей полигонының зардабын тартып келе жатқан Шығыс Қазақстандықтар АЭС-тың атын естігісі келмейді. Ал әкімнің айтары анау. Былайғы жұрт ертең Фукусима мен Чернобыльдің кебін кимесек болғаны деп тәубесін үйіріп отыр.

Жұрт пікірін тыңдайтын әкім жоқ сияқты. Дмитрий дым білмей ма десең, халыққа жол керек екенін, ақша керек екенін біледі екен. Ал елдің ертеңгі болашағы, Шығыстың экологиясы дегенде жақ ашпайды...

Мысықпиғылдарды түсініп білу қиын. Олар Ресейдің боданы болғаннан бастап кеудесі тілім-тілім болған қазақ даласын Сібір деп ойлай ма, әлде 10 миллионнан әзер асқан аз қазақты орыстың орманы көре ме? Әйтеу, қауіпті дүниенің бәрін қазақтың басына үйіруге әуес. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965