Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3149 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 10:46

Мырзан Кенжебай. Бізде идеология бар. Ол - отаршыл орыс идеологиясы

ХХ ғасырға дейін Қазақстанда қазақ пен  азғантай ғана отарлаушы  орыстан басқа көп ұлт болмаған.  Ал кейін Ресейдің өзге ұлттарды  репрессиялап,  Қазақстанға төгіп  жібергеніне, қазақ  кінәлі емес. Ресей ең көпұлтты ел. Ресейде  200-ден астам ұлт тұрады.   Ресей оларды жаулап алған, бірақ   біз көпұлтты  елміз демейді. Неге? Олай десе, өз халқы орыстар да сол көпұлттың бірі болып қалар еді. Орыс Президенті де, Думасы да өзінің ұлттық күшін әлсірететін, орыс баласының санасын улайтын ондай  ақылсыз  сөзге жол бермейді. Жириновскийдің «Ресейде  орыстан басқа ұлт жоқ» дегенін  Путин рахаттанып отырып тыңдайды. Қазақстанда тұратын өзбек, әзірбайжан, ұйғыр, татар, түрік, дұңған, чечен түгел қазақша сөйлей де, жаза да алады. Ол аз болса Қазақстан халқының 65%-дан астамы қазақ.

ХХ ғасырға дейін Қазақстанда қазақ пен  азғантай ғана отарлаушы  орыстан басқа көп ұлт болмаған.  Ал кейін Ресейдің өзге ұлттарды  репрессиялап,  Қазақстанға төгіп  жібергеніне, қазақ  кінәлі емес. Ресей ең көпұлтты ел. Ресейде  200-ден астам ұлт тұрады.   Ресей оларды жаулап алған, бірақ   біз көпұлтты  елміз демейді. Неге? Олай десе, өз халқы орыстар да сол көпұлттың бірі болып қалар еді. Орыс Президенті де, Думасы да өзінің ұлттық күшін әлсірететін, орыс баласының санасын улайтын ондай  ақылсыз  сөзге жол бермейді. Жириновскийдің «Ресейде  орыстан басқа ұлт жоқ» дегенін  Путин рахаттанып отырып тыңдайды. Қазақстанда тұратын өзбек, әзірбайжан, ұйғыр, татар, түрік, дұңған, чечен түгел қазақша сөйлей де, жаза да алады. Ол аз болса Қазақстан халқының 65%-дан астамы қазақ.

Ендеше, біз неге көпұлтты елміз деп сарнаймыз. Бұл жерде билік басындағылардың өз ішкі есебі бар. Олардың балалары, немерелері қазақша білмейді. Өздері кешегі коммунистердің орысша оқып, орысша тәрбиеленгендің балалары.  Енді балалары билікте  отыруы керек. Сондықтан қазақ тіліне жол бермеудің барлық  құйтұрқы әрекеттері жасалған. «Қостілділік», «қос тілің – қос қанатың» дегенді де ойлап тапқан осылар еді. Енді «Үш тілділік», «үш тұғырлы тіл» деген де солай – қазақ тілінің адымын аштырмау үшін билік басындағы орыстілділер әрі балалары үшін, әрі Ресейден қорқып ойлап тапқан  бірнәрсе.

 

Қазақты алдау қалай жалғасуда?

Қазақты алдау әуелі былай басталды: 1991 жылы «қазақшаға бірден көшуге болмайды. Оған 4-5 жыл керек» дедік. Бұл 1991-92 жылы айтылған уәж, яғни, қазақты алдап қою еді. Арада сол 4-5 жыл өтті. Содан   «2000 жылы  қазақшаға көшеміз» дедік, «сөйлейміз» дедік. 2000 жылы 2010-ға, 2010 жылы 2020-ға сілтедік. Ақыры 2025-ке  тоқтаппыз. Президент 2013 жылғы  жолдауында: «2025 жылы халықтың 95 %-ы қазақша  сөйлейді» дейді. Қалай? 35 жыл қазақша  сөйлемеген ел  бір күні ұйқыдан тұра сала қазақша сайрап шыға келе ме? Бұл да еш дәлелі жоқ бостекей сөз. 2025 жылы 95 % қазақша сөйлеу үшін  қазірден бастап жиналыс, баяндамалар, ісі қағаздары қазақша сөйлей  бастауы керек емес пе. Тілді үйрену бірден емес, біртіндеп  өспей ме. 35 жыл «консервілеп»  сандықтың түбіне салып қойған тіл  сандықтан шықпай  қалады.  90% қазақ тұратын Ақтөбе облысы 2006 жылы қазақ тіліне көштік деген еді. Бірақ бір де бір  жиналыс қазақша өткенін көрген емеспін. Тіпті, қазақ  тіліне бетбұрыс жоқ. Енді мына әнжілікті, мына сайхалдықты қараңыз: Қазір билік басындағылар бұрынғыдай пәленінші жылы іс қағаздары қазақшаға көшіріледі дегенді айтпайтын болды. Оның орнына пәленінші жылы пәленбай пайызымыз қазақша сөйлейтін болады дегенді шығарды. Неткен желбуаздық, неткен айлакерлік десеңізші! Аңқау қазақ соған мәз!

Жасы жер ортасынан асса да  Ғани Қасымов, министр Ерлан Ыдырысов, экс-әкім Бауыржан  Мұхамеджанов, Әділбек Жақсыбеков, бас прокурор Дауылбаев сияқтылардың Тәуелсіз қазақ елінде  қазақша сөйлегенін көре алмай-ақ өтетін шығармыз бұл сұм жалғаннан.  Үйренгісі де келмейді. Өйткені,  қазақ тіліне  ешқандай қажеттілік жоқ екенін, онсыз да күн көретінін олар жақсы біледі.

Министерлер  түгіл   99%  қазақ тұратын  облыс, аудандарға қазақша білмейтін  орыстілді әкімдер жіберіледі. Бұл жазылмаған заңдылық.

  Кезінде  қазақша білмейтін  Маңғыстау облысының әкімі Б. Мұхамеджанов қала әкімін өзгерткен екен. Теледидарда қала әкімін көп қазақ қоршап алған.  Тұрғын үй мәселесінің  шатағы.  Әлгім қазақша білмейді екен. Орысша мырыңдап тұр.  Тартымды сөзі жоқ адам тартымды жұмыс істей ала ма?..

Үкіметтің анда-санда қазақты алдап  қоятыны бар. 2012 жылдың желтоқсан айында  үкімет «енді  отырысты  тек қазақ тілінде өткіземіз» деп  қаулы алған болатын. Он күннен кейін теледидар  үкіметтің екінші  отырысын көрсетіп еді, қарасақ:  Премьер  Серік Ахметовым орысша сайрап  отыр. Біздің үкіметтің  қаулысының кескіні  осындай болып келеді. Өз қаулысын өзі орындамайды. Және өзгеден  талап етпейді.

            Біреулер бізде  идеология жоқ дейді. Идеология бар. Қазақстанда 20-ға тарта телеарна бар. Ашып қалсаң,  орысша гулеп  тұр.  Ресей баспасөзі дүңгіршектерді жаулап алған. Біздің билікке осыдан артық не идеология керек? Ал бұл – Ресейдің отаршылдық идеологиясы. Біз әлі  сол отаршыл орыстың  идеолгиясымен жүріп келеміз. «Өз ағасын ағаламаған кісі ағасын жағалар». Егер ханның да, қарашаның да өз білері жоқ болса, ол өзгенің жетегінде жүреді. Біз Ресейдің әлі де жетегіндеміз. Осы құлмінезімізді білдірмеу үшін жұртты Қытай басып алады деп қорқытамыз. Қытай онсыз да жер-жаһанға жайылып кеткен ұлт. Бірақ қытайға айналып кеткен ешкім жоқ. Ал Ресейдің құрамында қаншама республика бар, орыстар Сібір халықтарынан бастап солардың бәрін орыстандыру саясатын жүргізіп келеді. Ресей басқарған КСРО кезінде 91 ұлтты жойып жіберді. Бәрін тілінен айырды. Ал Қытайда тұратын қазақтар сөйлескенде бір ауыз қытай сөзін қоспай сөйлейді. Қазақстан қазақтарының үш ауыз сөзінің екеуі орысша. Ол аз болғандай енді бір-біріне «брат», «сестренка», «батя», «племянник» дейтін болды. Бұл–ұлт ретінде азғындап, жойылып кетудің басы емес, қақ ортасынан ауып кеткеніміздің белгісі!

 

Заңы жоқ елдің демократиясы

Ақтөбе облысының Ойыл, Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарынан  емге бір орысты  таба  алмайсың. Бірақ орыс мектептері жұмыс  істеп  тұр. Соларда таза қазақ балалары оқиды. Осы орыс мектептерінің директорлары  халық арасына мұғалімдерін  жіберіп: «Қазақ тілінің  келешегі жоқ, балаларыңды орыс мектебіне беріңдер» деп үгіт  жүргізеді екен. Заңы бар ел болса, мұндайларды жауапқа  тартып жіберуге болар еді. Бұл – заңы жоқ елдің демократиясы.

            Орыстілді қазақтар да өз қазағымыз. Оларды өзімізге тартып қазақ қылып алуға болатын еді. Билік  өйтпеді. Қалың қазақ тұрғанда  билікті орыс тілділерге  беріп бүп-бүтін қазақты әдейі екіге  бөлді. Біріне – бірін қарсы қойды. Биліктегі орыстілді қазақтар қазақтілділерді  маңына жолатпады.  Яғни, қолдан шалақазақ деген ұлт туғызып, оны таза қазаққа қарсы қойды. «Қазақтың жауы – қазақ» деген жауыздық мақалды да ойлап тапты. Қашанда ұлттың, қара халықтың ауызбіршілігі билікке қауіп туғызады. Үш бидің суретін салып қоюдың да аржағында үлкен залымдық жатыр. Бұл да қазақты үшке бөлудің зымиян бір жолы.

Алдымызда Еуразиялық одақ. Ортақ шекара, ортақ ақша, ортақ тіл... Ресеймен біз бұрын да «Одақ» болғанбыз. Оның «Одағы» ошағыңды қирату, ату, асу, аштан қыру болды. «Одақтас» деп  аталған 14 Республика Ресейді көрместей боп қашып құтылды. Орыстың баспасөзін, теледидарын еліне кіргізбеді. Ал біз орыстың темір құшағына қайта  кіріп барамыз.

Ресей империясында   орыстанып қырып кеткен екі ел болды. Ол Украина мен Қазақстан. Украина бізден де жаман  орыстанып кетіп еді. 45 млн. халықтың 12 млн-ы. орыс, орыстанған украиндар да 12 млн-дай болатын. Сол ел  бірден  украин тіліне көшті. Бір газетті, тіпті бір  бет қағазды да орысша шағыртпады. Неге? Украиндар сонша  ұлтшыл шовинист пе? Жоқ. Егер газет – журналдар, радио орысша  сөйлесе,  бұлар  тілінен, елдігінен айырылар еді. Амал жоқ  ел болып қалу  үшін  орысша  сөйлетпейді. Орыспен аталас, қандас, діндес украиндар сөйткенде қазақ қасқаның сонша орысқұмарлығы не? Бұл –жағымпаздық па, бейшаралық па, әлде құлдықтан құтылғысы келмейтін мәңгүрттік ауру ма?

           Бізде  керсінше ғой. Үштілділікке бірінші  сыныптан бастап көшудің  қандай қажеттілігі болды? Педогог, психолог  ретінде айтайын. Қазақта  «баланың миын ашытпа» деген сөз  бар.  Үш тілден денсаулығы орташа  балалар психикалық ауруға ұшырауы әбден  мүмкін. Ресей, Қытай, Жапония  ғылымы бізден жоғары.  Үштілділік жақсы болса олар неге үш тілде оқытпайды.Қазақ зиялысы,  ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтың  үштілділік туралы  сөзін келтірейін. «Бүкіл қазақ сәбиіне  балабақшадан бастап үш тілді де  пәрменді  оқыта бастау дегеніміз – қазақты ұлт ретінде құртудың  таптырмайтын тұп- тура жолы»...

            Жоғарыдағылар мен олардың бержағындағы шабарман жандайшаптар екі сөзінің бірінде біз көп  тіл білуіміз керек дегенді шығарды. Бірақ олар көп тіл  білгеннен  не пайда  барын айтпайды.  Жақсы, көп тіл білейік. Нұрқоян (Қоянбай) мен Базарбай он тіл білсін.  Сонда  оның қолынан не келеді? Ол  он тілдің бастауышы мен баяндауышы  қай жерде тұрғанын бірден табады. Тапсын!  Ал  бүкіл қазаққа  орыс немесе ағылшын тілінің бастауышы мен баяндауышыңың қай жерде  тұрғанынан келер пайда бар ма? Бүкіл Нұрқоян, бүкіл Базарбай содан  ұшақ  айдап, не космонавт болып, не атом кемесін айдап кете ме? Әлде қазақ орысша, ағылшынша білмесе, құрлыс салып, мал бағып, егін егуді ұмытып қала ма?

Ау,  онда қазақ қолынан түк келмейтін сорлы  болады ғой. Алла, қазақты мұндай   кемтарлықтан, мұндай мүгедіктен сақтағай!

 

Ұлтсыз адам –   нұрсыз, құнсыз адам

Әлемде әр адам ұлтшыл. Яғни, әркім өз ұлтын сүйеді.  Тек ана тілінде  тәрбие  алмаған адам ғана ұлтсыз. Ондай адам ең әуелі өз ұлтын сүйе алмайтын, көңілі, көзқарасы күмәнді дүбәра, мәңгүрт адам. Ұлтсыз адам –   нұрсыз адам, өз бет-бейнесі жоқ құнсыз адам. Интернационализм дегеніңізді Ресей басшылары өзге ұлттарды  өзге  елдерді өзіне  қосып алу үшін ойлап тапқан айласы еді ғой. Біз әлі де ананы да, мынаны да бауырлас, братан деп жалпылдап, интернациолизмді жаңғыртып қай елді, қай ұлтты өзімізге қосып  алғымыз келіп жүр.  Күлдірмеңіз! Қазақ болам демек түгіл, қазақты жәй силайтын болса, орыс ең әуелі қазақтың тілін силар еді, тілін үйренер еді ғой!

            Баспасөзге сенсек, қазір Қазақстанда 1600-ден  астам адам миллиардтап жеп  шетелге қашып кеткен. Солардың бәрі орыс мектебінде оқыған, яғни орыстілді қазақтар. Қазақтілді қазақ елден қашпайды. Олардың Отаны Қазақстан. Орыстілділердің Отаны болмайды. Қашып кетеді.  Осыдан қорытынды шығарған билік бар ма? Біреулер тіл жөнінде  биліктің не ойлап  отырғанын түсінбейміз дейді. Өз басым түсінем. Билік өзінің стратегиялық  мақсатын  орындап отыр. Мақсаты айқын – үш тілділікті енгізудегі басты мақсат  қазақ тілін  қолданыстан  шығару. Шығарып та болды.

Барлық елде мемлекеттік тіл  туралы Заң бар.  Қазақтың  мемлекеттік  тіл  туралы  заң шығаруын  сұрағаны қашан-ан? Ол заңды қалай  жалынсаң да шығармайды. Шығарса,  қазақтың  рухы көтеріліп кетеді. Ал шонжарлардың көбіне  қазақтың  рухы  төмен  болғаны пайдалы.  Үкімет  жылда тілді  «өркендеуге» ақша бөледі.  Бірақ  қажеттілік  тудырмаса, қазақ тілінің  ақшаға өркендемейтінін осы 22 жыл көрсеткен жоқ па?

 

Халық  санағы: әйелі орыстар орыс болып жазылды

Халық  санағы кезінде  билік Қазақстанда  қазақтың жан санын кемітіп    көрсету үшін  жанталасты. Қазақ 67% - дан  аса  бастағанда қатты састы. Сол кезде билік жағынан «санақтың  құпиялығы сақталады»  деген сөз шықты. Бұл қандай құпиялық?  Санақта құпиялық бола ма екен?  Сөйтсек бұл  әйелі  орыс  қазақша  білмейтін  қазақтардың «орыс» болып  жазылуына  жасалған  биліктің  Әкелік қамқорлығы екен. Қазақты ұлттық  мемлекет  ептеудің айла- шарғысы.

Қазір  орыс жастары кемпір – шалдарын  тастап Ресейге  кетіп жатыр. Қалай санасаң да  қазақ 70%  болды. Елдегі осы70%   қазаққа  жанашырлық қана, биліктегілердің өз ұлтына деген жанашырлығы ғана жетіспейді.  Парламентте қазақ тілінің жоғын жоқтап шырылдайтын жалғыз ақсақал өзбек Р. Халмұратов қана. Алланың нұры жауғыр осы өзбек қарт қазақ тілінің жоғарыдағы жағдайын айтып шыр-пыр болғанда,  қазақ ақсақалдары сенатор болған жазушыны аяқ-қолын жерге тигізбей мақтады. Ал ол жазушы қазақ тілін көркейту, оны өз төріне отырғызу туралы өтіп жатқан бірде-бір жиынға не өзі қатысқан, не орынбасарларының бірін жіберіп, қолдау сөз айтқан адам емес. Қалай десек те бүгінгі  билік  тұрғанда  қазақ тілінің көгеріп-көктемейтінін көзі бар жұрт  көріп отыр. Егер қазақ елі тәуелсіз ел екені рас болса,  қазақ пен қазақ тіліне жауыққан  биліктің келешегі қалай боларын бір Алла біледі.

 

Abai.kz

                                                                                                 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371