Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4419 0 пікір 14 Қазан, 2013 сағат 14:25

Есіл ерге ескерткіш қойылды

Көлбай Төгісов кім еді – ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының бірегей тұлғасы еді. Ағартушылық саясатпен айналысты. Туған халқын шексіз сүйді. Заманына оарай ол саясатпен терең шұғылданды. Жер аударылды. Сондай есіл ер ескерусіз қалып бара жатыр еді. Енді міне..

Қабанбай ауылдық округінде «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында К.Төгісов атындағы орта мектеп ғимаратының алдына құны 1,5 млн. теңгені құрайтын әдемі ескерткіш орнатылды.

Аталған білім ошағының 40 жылдық мерейтойына орай қойылған бұл ескерткіш –ұлт зиялыларының бірі, халық ағарту ісінің көрнекті өкілі Көлбай Төгісовтің тас мүсіні. Осындай игілікті іске Қабанбай ауылының тумасы Т.Рахыпбеков демеушілік көрсетіпті.

Мүсіннің ашылу салтанатына аудан әкімі Д.Оразбаев, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков қатысты.

Мерекелік шара барысында мектептің тарихымен танысу шарасы және конференция ұйымдастырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371