Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2831 0 пікір 11 Қыркүйек, 2009 сағат 06:17

Аналардың ажалына алдымен акушерлер кінәлі

Әлемде жүктілік мерзімінде және босану кезінде әр минут сайын бір әйел қайтыс болады. Ал жылына жарты миллионға жуық ана көз жұмады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша аналар өлімі жағынан алдыңғы орында Африка тұр. Қазақстан тізімнің орта шенінде. Тұрмыс деңгейі бізбен шамалас мемлекеттердің ішінде аналар өлімі жағынан төмен көрсеткіш Болгария, Грузия, Коста-Рика, Литва, Маврикан, Македония, Молдова, Словакия елдерінде тіркелген. Ал өркенинетті делінетін Батыс Еуропа, АҚШ, Канада, Жапониямен салыстырғанда бізде аналар өлімі 10 есе көп. Соңғы жеті жылда Қазақстанда жүктілік пен босану кезінде түрлі жағдайға байланысты мыңдаған әйел бақилық болған. Ел Үкіметі осы бір күрделі мәселемен күресте нәтижеге жете алмай жүр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айқындауы бойынша аналар өлімі екі топқа бөлінеді. Біріншісі - тікелей акушерлердің кінәсі, яғни бұл босандыру кезінде кететін қателіктер. Екіншісі - акушерлердің жанама кінәсінен болатын қайғылы жағдайлар. Бұл бұрыннан бар немесе жүктілік кезінде пайда болған ауруларды ескермеуден. Қазақстанда бірінші себеп басым түсіп отыр. Мемлекет демографиялық өсімді жандандыруды стратегиялық мақсат етеді, ал сол халықты көбейтетін аналар топ-тобымен қырылып жатыр! Осылай мақсатымыз бен ісіміз үйлеспей отыр.

2001-2006 жылдар аралығында қайтыс болған аналардың басым бөлігі акушерлердің кінәсінен ажал құшқан. Ал ауылдағы аналар қаладағы құрбыларынан екі есе көп өлген. Мәселен, 100 000 анаға шаққанда 2005 жылы ауылда 16,0 ана, ал қалада 6,7 ана, 2006 жылы ауылда 21,0 ана, қалада 11,2 ана қайтыс болған. Себебі ауылда білікті акушер мамандар тапшы. Жағдай тым күрделі. Бұны біз ойдан шығарып отырған жоқпыз. Денсаулық сақтау министрлігінің жақында жабық жағдайда өткен жиналысында айтылған мәліметтер қолымызға түсті. Осы баяндамада сондай-ақ әйелдердің 1/6 бөлігі гестоздан, 1/7 бөлігі аборттан көз жұматыны айтылған. Жалпы алғанда қайтыс болған әйелдердің 58,6 пайызының ажалы акушерлердің кінәсінен болған. Қараңызшы, осы көрсеткішке сәйкес кезеңдегі әйелдердің дерттен қайтыс болғандары 17 пайыз ғана.

Акушерлік қан кетуден қайтыс болатын аналардың көп болуының бірінші себебі білікті маман тапшылығы екенін айттық. Сараптама көрсеткендей жедел көмек көрсететін стационарлардың дайындығының төмендігі, акушерлік қан кету кезінде көрсетілетін медициналық көмектің дәлелді алгоритмдерінің сақталмауы, қанды тоқтату кезінде дұрыс әрекет етпеу, акушерлердің белсенділігінің төмендігі, анестезиологиялық және жан сақтау шараларын қате жүргізу өлімнің басты себептері екен.

Аналар өлімін азайтудың жолдары да баяндамада айтылған. Ол үшін акушерлік қан кетудің алдын алу және емдеу ісіне тиімді технологияларды енгізу, әбден тозығы жетіп ескірген стационарлардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, емдеу мекемелерін қан және қанды алмастыратын заттармен толық қамтамасыз ету, соның ішінде әйелдер босанатын мекемелердің барлығын қан ұюдың VII факторына қажетті қормен толық қамтамасыз ету керек. Өкінішке орай, бүгінгі күні әйелдер босанатын мекемелер қауіпсіздік препараттарымен және қан компонентерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген жоқ.

Жүктілікке қарсы дәрілер қанша жерден жарнамаланғанымен Қазақстанда аборт жасау азаймай отыр. Жыл сайын аборт жасатқандар саны 130 мыңнан асып отыр. Төбе шашың тік тұрады. Қоғамның соншама азып кеткені ме? Рухани ашаршылық, рухани дағдарыс, міне, осыған жеткізді. Бұлар сіз бен біздің айналамызда жүрген апа-қарындас, аналарымыз! Әрбір үшінші жүктіліктің жолын аборт кесіп отыр. Мамандар көрсеткіш мұнан да жоғары болуы мүмкін дейді. Өйткені ел ішінде құпияны ашудан қаймығып түсік тастау үшін жеке адамдардың көмегіне жүгінетіндер де аз емес. Баяндамада мемлекеттік мекеме акушерлерінің де «бармақ басты, көз қыстымен» абортты жасырып тіркемей қоятындары туралы да айтылған. Әкімшілік жаза мұндай заңсыздыққа тиым сала алмай отыр. Тағы бір айта кетер мәлімет - шаранадан безінетіндер саны тағы да ауылдық жерлерде көп болып шықты. Қаладан 3-4 есе көп. Аборт жасатындардың 5 пайызы 15-18 жас аралығындағы қыздар екен. Бұл мәселелерге түрлі жыныс ауруларын, дауасыз дерттерді қосыңыз. Өкініштісі, қазақ елінің қыз-келіншектері арасында жүргізілген сауалнама барысында сұралғандардың 22% (15-18 жас) және 23% (20-24 жас) ғана ВИЧ-тен сақтану жолдарын білетінін көрсеткен.

Тұтастай алғанда Қазақстанда аналар өлімін азайту бағытындағы жұмыстар нақты нәтиже берер емес. Ал жылына жүздеген ананы ана жақққа аттандыруға атсалысып жүрген акушерлер арамызда жүр. Ең қорқыныштысы осы болып отыр. Мемлекет аурухана салғанымен, оны білікті маманмен қамтамасыз етуде қауқарсыздық танытуда.

Бек Датұлы - «Абай-Информ».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435