Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2574 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 07:03

Қолды болған «Қолжетімді баспана»

«Қолжетімді баспана-2020» . Бағдарлама жақсы-ақ. Әттең, соған қанша талпынса да қарапайым қазақтың қолы жетпей жатқаны болмаса. Қайдан жетсін, банк басшылары тұрғын үйді туыстарына «Тойбастар» таратқандай үлестіріп берсе. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бұрынғы басшыларының «бастық болып тұрғанда басып қалға» салып жасаған әрекеттері Президенттің сынына ұшырамаған да бәлкім, бәрі бәз баяғыдай жалғаса берер ме еді, қайтер еді... Қараша үйге зар болып, талай есікті тоздырып жүрген қалың қазақтың көз-жасын Құдай көрді ме, әйтеуір, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бұрынғы басшылары қолды қылған 9 үйдің ізі табылды. Президенттің сынынан дереу нәтиже шығып, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басшысы қосшыларымен бірге жұмыстан босатылып, өздері мен туыстарына берілген пәтерлерді ерікті түрде қайтаруға келісті. Қолында бар да қонышынан басып, банк Басқармасының бұрынғы төрағасы, Басқарма төрағасының бұрынғы екі орынбасары, банктің Алматы облыстық филиалының директоры, Алматы қалалық филиалының директоры және олардың туыстары 9 үйді карта таратқандай бөлісіп алған екен. Бұдан былай, банктің басшылық құрамының «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуына шектеулер қойылды.

 «Қайтқан мал да береке бар» демекші, 9 үйдің қайтарылған 7- і баспанаға мұқтаж азаматтарға беріледі дейді. Тағы да төтенше талауға түспей, шіркін-ай, берілсе екен...

Ал, қалған екі үйді заңсыз алғанына қарамастан «иелері» қайтармаймыз деп қасарысып отырған көрінеді. Ал, ендеше... Сонда бұл екі үйдің «қожайындары» үшін заң, үй алудың тәртібі, ар-ұят дегеніңіздің құны көк тиын болып тұр...

Банктің бұрынғы басшыларының былығынан кейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Тұрғындардың барлық категорияларына ортақ» бағыты бойынша төмендегідей бірқатар өзгерістер енгізілмекші екен:

  •  бір отбасы мүшелерінің бірнеше пәтер алуына тиым салу. Отбасы ұғымына ерлі-зайыптылдар мен олардың 18 жасқа толмаған балалары кіреді;
  • бағдарламаға баспана берілетін аймақта (қалада) баспанасы жоқ немесе баспана жағдайын жақсартуға мұқтаж (отбасының бір мүшесіне 15 шаршы метрден кем болса) азаматтарды ғана жіберу;
  • соңғы 5 жылдың ішінде өзінің баспана жағдайын саналы түрде нашарлатқан азаматтардың бағдарламаға қатысуына тиым салу;
  • Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтары мен «оралман» мәртебесіне ие азаматтар ғана қатыстырылады. Бағдарламаға қатысушылар пәтер алғысы келетін елді мекенде кем дегенде екі жыл тіркеуде тұруы тиіс.

Міне, «Қолжетімді баспананың» төңірегіндегі соңғы жаңалықтар.

Банктің жаңа басшылығы жұрттың күдігі сейіліп, үміті жанатындай етіп, бағдарламаға сәйкес, үй алған қарапайым азаматтардың тізімін жария етіп, оларды «Президенттің сынынан шыққан нәтиже» ретінде мемлекеттік арналардан көрсетсе, құба-құп болар еді. Әйтпесе, ««Әйгерім» тұрғын үй кешенінде пәтер алған банктің басқа қызметкерлеріне қатысты қандай да бір шара қабылданбайды. Себебі, олар банктің басшылық құрамына кірмейді және де баспананы бағдарлама талаптарына сай заң шеңберінде алған» делінген сөзге я сенеріңді я сенбесіңді білмей дал боласың. Сенейін десең, заң шеңберінде алғанын айғақтайтын дәлел жарияланбады, оның үстіне басшылары бөлісіп жатқан да басшылық құрамға қатысы жоқ болса да қызметкерлер қарап қала ма? Тым құрығанда өз үлесін баса кетпесіне кім кепіл... Осындай дүдәмалдау дүниелердің басын ашып, нақтылап жібермесе, банкке деген ел сенімін қайтару қиынға соғады-ау...

Қайткенде де, «Қолжетімді баспана» үйсіздерге бұйырсын...

Abai.kz

0 пікір