Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2885 0 пікір 13 Қараша, 2013 сағат 08:42

Жас жолдастар, «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы» құтты болсын!

Сыйлық атаулының бәрі жақсы. Әсіресе, жастарды ынталандыру, қолдау мақсатында берілетін сыйлықтардың орны өзгеше. Бірақ, мұраға қалған большевиктік сыйлықтардың Тәуелсіз елдің жастарына беріліп жатқандығы жаныңа батады. Мәселен, күні кеше әдебиет, өнер, ғылым саласындағы бір топ жастар марапатталған «Серпер» сыйлығы аты ауысқан демесеңіз, қасапшы қызылдардың қанды қолының табы қалған дүние.

Кеше ғана сыйлық алған жастар – Тәуелсіздіктің ұландары. Тәуелсіздік жылдары қалыптасып, оң-солын танып, оқып, әдебиет, өнер, ғылым, журналистика да Тәуелсіз мемлекеттің азаматтары ретінде еңбек етіп, ел таныған жастар. Міне, осы маңдайын бостандықтың күні сүйіп өскен жастарды қызыл сыйлықпен марапаттауға бола ма?! Жастарға Тәуелсіздіктің белгісіндей, бостандық пен азаттықтың лебі есетін бір сыйлық тағайындай алмауымызды кімнен көреміз? Кімнің дәрменсіздігі? «Қазақстан жастар одағы» дейтін коммунистік мұрагер ұйымнан Тәуелсіз дүние шықпайды делік. Ал, «Жастар саясаты, жастар біздің болашағымыз, біз жастарға сенеміз» деп ұрандатып жүретін көсемдер қайда?

Құлдық санадан азат жастарға коммунистік сыйлықты үлестіру арқылы біз, болашақты алға емес, артқа сүйреп барамыз. Бұл сыйлықтың 40 жылдық тарихы бар дейді. Сол 40 жылда қазақтың қаншама мүддесі жер болып, рухы тапталғанын неге ұмыта қалдық? Әлде коммунистердің өзі жаман, сыйлығы жақсы ма?

Мәселен, «Серпер» деп ат ауыстырған «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын» жастардың санасына енгізіп, бодандық тарихты тірілтуге құлшынып, кері басқанша, жастарға Әдебиет бойынша, Ахмет Байтұрсынов атындағы, Ғылым – Әлімхан Ермеков, журналистика – Міржақып Дулатов, Өнер – М.Әуезов т.б. атындағы сыйлықтарды тағайындаса, қай жағынан алып қарасаңызда нағыз Тәуелсіздік жастарына лайық сыйлық болар еді. Бірақ, оны ойлайтын адам қайда?

Бұл – өз ойымыз, ұсынысымыз.

Не десек те, сыйлық алып қуанып жатқан жастарды еңбектерінің жанып, жалаулары биіктей желбіреуімен құттықтаймыз.

Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының (Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы) 2013 жылғы иегерлері атанған жастардың толық тізімі:

Абылай Тілепбергенов

Аида Жантілеуов

Алмас Шаяхметов

Әсел Садуақасов

Асылхан Төлепов

Аян Өтепберген

Әлия Әнуарбек

Әсет Иманғалиев

Бақытжан Омаров

Бану Манкеева

Бауыржан Әліқожа

Бауыржан Ордин

Дана Коңырова

Дархан Бейсенбекұлы

Динара Әбікеева

Динара Мыңжасарқызы

Еркебұлан Дайыров

Қанағат Әбілқайыр

Қанат Әуесбай

Құралай Анарбекова

Мәншүк Бекбосын

Олжас Қасымов

Редакциядан ескерту:

Біз сыйлық иелерінің, соның ішінде әріптес журналистердің, қаламдас ақын-жазушылардың, актерлардың, жас ғалымдардың еңбектеріне құрметпен қараймыз, әрі олардың сыйлыққа лайықты екеніне шәк-шүбәміз жоқ. Бұданда жоғары һәм мәртебелі сыйлық, марапаттарға жете берулеріне, еңбектерінің жанып, шығармашылықтарының дамуына шын жүректен тілеулеспін. Ал, жоғарыдағы шағын материал біздің «Серпер» атты сыйлықтың тарихына қатысты айтақынымыз. Ол сыйлық болашақта советтік «санадан» тазарып, Тәуелсіздік рухындағы сыйлық болса дейміз. Ұсынысымыздың сыйлық иегерлері мен олардың шығармашылық жетістіктері мен еңбектеріне ешқандай қатысы жоқ.

Abai.kz

0 пікір