Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1138 0 пікір 6 Ақпан, 2024 сағат 16:05

Балабақша-білімнің алғашқы баспалдағы

Сурет egemen.kz сайтынан алынды

«Өмірдің бір қызығы бала деген»  деп қазақ бекер айтпаған.Адам өмірінің мәні-өсіріп отырған ұрпағы.Олар-еліміздің ертеңі мен болашағы.Келер күннің айнасы.Сол болашақ жолында балаға сапалы білім беріп,тәрбиенің бастауы дұрыс қалыптасуы үшін балабақшаны дұрыс таңдау керек деп есептеймін.

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы  білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Мен балаларымның болашағы жарқын болсын деген ниетпен Алматы қаласы,Медеу ауданында орналасқан №141 балабақша-бөбөкжайын таңдадым.Балабақша күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта қолдануға берілген болатын.Балабақшада балаларға барлық жағдай жасалған,таза,тамақтары да балаларымның көңілінен шығады.Екі бірдей балам осы балабақшаның тәрбиеленушісі болғандықтан балабақша басшылығы мен тәрбиешілерін жақсы танимын.Еліміздің білім талаптарына сай  мектепке дейінгі  білім беру, қазіргі заманға сай білімді  ұр­пақ тәрбиелеу –  тәрбиешілердің ен­шісінде. Осы орайда балабақша ұжымы мықты құраммен жасақталғанын айта кеткім келеді.Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, сабақты қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибелерінде қолданып жүрген апайларын  балаларым ерекше таңданыспен, қуана айтып келеді.Тәрбиешілер қазіргі заман талабына сай қызмет атқарады.  Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары екенін атап өткім келеді. Балабақша ұжымы балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде  өз білімдерін кеңінен қолданып қызмет жолында аянбай еңбек  етуде.Еліміздің жарқын болашағы үшін өз мамандығының мықты мамандары көп екені көңіл қуантады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.Балаларымның білім жолын ашып,көкжиегін кеңейтіп отырған балабақша ұжымына,балабақша меңгерушісі Ғалия Абайқызына алғыс айта отыра,ұстаздық қызметте тек творчестволық табыс пен зор денсаулық тілеймін.

Әбзелбек Шынар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364