Сенбі, 23 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2601 3 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 15:11

Бәйбек мәселесін тезірек реттеуге нұсқау берілді

Сурет orda.kz сайтынан алынды

Алматыдағы жер көшкіні бір отбасының өмірін жалмағаннан кейін, тау бөктерінде қалай үйлер салынып кеткені тексерілмек.

Заңгер Бақытжан Базарбектің зерттеуінше, топырақ астында қалған үй салынған жер телімінің нысаналы мақсатын бақшадан үй салуға ауыстырған шешімде Алматының экс әкімі Бауыржан Бәйбек пен оның орынбасары Болат Сауранбаевтың қолы тұр.

Бәйбекке қатысты экс Әділет министрі Марат Бекетаев та тергеушілерге біраз құнды ақпарат берген болатын. Қылмыстық іс қозғауға тұрарлық біршама материал жиналып қалды.

"Қазір Бауыржан Бәйбекке қылмыстық іс қозғамақ бұрын, оны экстрадициялау мүмкін бе, сол жағы шешілуде. Себебі "Жаңа Қазақстан" үшін адамды сыртынан соттау жарамайды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бәйбектің Алматыдағы барлық шешімдеріне ревизия жасалатын болады. Оған ревизиялық комиссия мүшелері мен аудиторлар жұмылдырылады деп жоспарланған.

Соңғы рет Бауыржан Бәйбек Кипр мен Германияда бой көрсеткен еді. Негізі ол өткен желтоқсан айында Солтүстік Кипр аумағында жүрген дейді, дереккөз. Солтүстік Кипр БҰҰ тарапынан мойындалмаған квазимемлекет. Бірақ Түркия арқылы экстрадиция мәселесін шешуге болады.

Ал тағы бір дереккөз Бауыржан Бәйбектің Африкаға көшейін деп жатқанын мәлімдеді. Танзанияда кобальт өндірісіне инвестиция салған қазақ кәсіпкерлерін жағалайды деген ақпарат бар. Бизнесмендер оған сәл де болса қолдау білдіріп жіберуге кет әрі емес. DALA INSIDE Бауыржан Бәйбек туралы көптен бері жазып келеді. Бұл өзі тағдыры бөлек қызық персонаж.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434