Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2515 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 18:05

Елімнің ертеңін қалайтын Ақтау гаваны

Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты әртүрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстанның бірден-бір теңіз порты болып табылады. Үстіміздегі жылы жарты ғасырлық торқалы тойын атап өтетін Ақтау порты Солтүстік пен Оңтүстіктің, Шығыс пен Батыстың арасында халықаралық сауда қарым-қатынастарын жолға қойған алтын көпір болып отыр. Бүгінде Ақтау порты Каспий теңізі, Қаратеңіз, Жерорта теңізі және Балтық теңізі порттары мен Парсы шығанағы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығуға мүмкіндік беретін ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерінің құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен бірге еліміздің ертеңін қалайтын қуатты экономикалық аймаққа айналып отыр.  Қазіргі уақытта Қазақстанның батыс аймағында Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру жұмыстары қолға алынуда. Осыған байланысты еліміз порттары арқылы тасымалданатын мұнай көлемі жылына 60 млн. тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде.  Сондықтан да Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде.  – Ақтау теңіз порты жылына 1,5 тоннаға дейінгі құрғақ жүктер мен 10 млн. тоннадан астам мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік береді.

Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты әртүрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстанның бірден-бір теңіз порты болып табылады. Үстіміздегі жылы жарты ғасырлық торқалы тойын атап өтетін Ақтау порты Солтүстік пен Оңтүстіктің, Шығыс пен Батыстың арасында халықаралық сауда қарым-қатынастарын жолға қойған алтын көпір болып отыр. Бүгінде Ақтау порты Каспий теңізі, Қаратеңіз, Жерорта теңізі және Балтық теңізі порттары мен Парсы шығанағы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығуға мүмкіндік беретін ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерінің құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен бірге еліміздің ертеңін қалайтын қуатты экономикалық аймаққа айналып отыр.  Қазіргі уақытта Қазақстанның батыс аймағында Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру жұмыстары қолға алынуда. Осыған байланысты еліміз порттары арқылы тасымалданатын мұнай көлемі жылына 60 млн. тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде.  Сондықтан да Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде.  – Ақтау теңіз порты жылына 1,5 тоннаға дейінгі құрғақ жүктер мен 10 млн. тоннадан астам мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік береді. Солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін порттың жүк өткізгіштігі айтарлықтай артады,-деді «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары Дәурен Құтпанбаев. Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту 2006 жылы басталып, күні бүгінге дейін жоба бойынша 10,8 млрд. теңге немесе 86,2 млн. АҚШ доллары қаражатының жұмыстары іске асырылды. Жобаның бірінші кезеңінде 6,6 млрд. теңгеге немесе 53,4 млн. АҚШ долларына кемелерді теңіз толқындарынан қорғайтын арнайы қабырға, 4,2 млрд. теңгеге немесе 32,8 млн. АҚШ долларына «Толқынтойтарғыш» нысаны толықтай салынып бітті. Қазіргі таңда жобаның 2012-2013 жылдарға арналған екінші кезеңі бойынша 3,6 млрд. теңгеге немесе 24,3 млн. АҚШ долларына теңіз түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.  Жобаның бірінші және екінші кезеңдері «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының займдары арқылы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының есебінен қаржыландырылуда. 2013-2014 жылдары іске асырылатын жобаның екінші кезеңінде 18 млрд. теңгеге немесе122 млн. АҚШ долларына концессиялық негізде 3 құрғақ жүк терминалы салынады. Ақтау портының солтүстік бағытта кеңейтілетін бөлігінің барлық жобалық қуаты жылына 2,5 млн. тонна жүк айналымын құрайды.   Бүгінгі таңда Ақтау портынан Иран Ислам Республикасының Анзали, Амирабад, Нека, Ноушахр, Ресей Федерациясының Астрахан, Оля, Махачкала, Әзірбайжан Республикасының Баку, Түрікменстан Республикасының Түрікменбашы порттары бойынша жүктер  тасымалдануда. Сонымен қатар Ақтау–Баку, Ақтау–Оля және Ақтау–Анзали паромдық желісі жұмыс істейді. Мұның үстіне еңбек ұжымы арқылы Ақтау портын дамыту жоспары іске асырылып, жүк тасымалдау бағыттарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.

Abai.kz

0 пікір