Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3326 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 19:34

Маңғыстаудан шыққан қос чемпион

6-шы қараша күні облыс әкімі Алик Айдарбаев жақында Алматыда болып өткен боксшылардың әлемдік чемпионатының жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахмановты шақырып, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ бұл жиынға облысымыздағы спорт ұйымдарының басшылары, ардагер спортшылар, облыстық әкімдік аппаратының жауапты қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды облыс әкімі қысқаша сөз сөйлеп ашты:

«14-26 қараша аралығында Алматыда өткен әлем чемпионаты біздің боксшыларымыздың даңқын бүкіл әлемге жайды. Бұл додаға төрткіл дүниенің төрт бұрышынан 540 спортшы жиналды. Олардың осалы жоқ, олардың бәрі де өз елдерінің чемпиондары, үкілеп қосқан үміттері. Міне, осы аламанда біздің боксшыларымыз өздері-нің нағыз майталман екендіктерін дәлелдеп, тамаша табысқа жетіп, ел мерейін көтеріп тастады. Боксшыларымыз осы додада 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.

Құрама командада өнер көрсеткен Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахманов біздің облысты бокс бойынша Қазақстандағы алдыңғы пози-цияға шығарды. Бұл жұмыста боксшыларымыздың бапкері Марат Жәкиевтің еңбегі зор. Ол талапты жастарды тани біліп, оларды әлемдік деңгейдегі былғары қолғап шебері етіп тәрбиелеп шығарды», деген облыс әкімі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке 30 мың доллардың, қола жүлдегер Берік Әбдірахмановқа 20 мың дол-лардың және олардың бапкері Марат Жәкиевке 20 мың доллардың сертификатын тапсырды.

Жауап сөз сөйлеген бапкер Марат Жәкиев, спортшыларға жасаған қамқорлығы мен қолдау көмегі үшін облыс басшылығына алғыс айтты. «Біздің табыстарымыз осындай қамқорлықтың арқасында болып отыр,- деді ол. – Сондай-ақ ол әкімге кешегі әлем чемпионатында біздің жігіттердің қолдарына киіп шайқасқан боксшы қолғабын тарту етті.

Сондай-ақ сөз сөйлеген ардагер боксшы Мелкумов өңірімізден осындай атақты боксшылар шығып жатса да, бокс өнері өңірімізде кереметтей жақсы дами тұрса да, облысымызда күні бүгінге дейін ұялмай көрсеткендей бірде-бір бокс залы жоқ екенін, облыс орталығынан заманауи үлгідегі спорт сарайын саламыз деген әңгіменің де сиырқұйымшақтанып созылып бара жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол керемет боксшыларды даярлауда бапкер Марат Жәкиевтің еңбегі зор екенін ерекше атап көрсетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5405