Машина жасау—автомобиль мен комбайн шығару ғана емес!
Машина жасау—автомобиль мен комбайн шығару ғана емес! Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Азат Перуашев жариялады.
ҚР Индустрия және құрылыс министрі
Қ.Шарлапаевқа
Биылғы жылдың 7 ақпанында өткен үкімет отырысы барысында президент Қ. Тоқаев машинажасау, мұнайгаз, тау металлургиялық жабдықтарды шығаруды игеру, жол және құрылыс техникасы, мелиоративтік жүйелерді өндіру секілді экономиканың түрлі секторларын дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырып, келесіні атап өткен болатын: «Егер Қазақстанда қазір мұндай өндіріс жасалмаса, онда жабдықтың жалпы импорты созылмалы сипатқа ие болады».
Өз кезегінде «Ақ жол» демпартиясы жылдар бойы технологиялық өндірісті әртараптандыруды талап етіп келеді.
Халықаралық мұнай-газ машинажасау орталығының қызметіне, энергетикалық жабдықтарды, тұрмыстық техниканы шығаруды ұйымдастыруға және т.б. қатысты өз сауалдарымызда біз экономикамыздың қажеттіліктерін ескере отырып шығарылатын өнімнің тізімін барынша кеңейтуді, ұлттық экономиканың технологиялық деңгейін көтеріп, күрделендіруді талай мәрте талап еткен едік.
Дегенмен, қолданыстағы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға сәйкес, өнеркәсіптік құрастыру туралы үлгілік келісімдер министрлігіңіздің тарапынан әлі де тек автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру үшін әзірленіп, қолданылады.
Алайда, машина жасау - тек автомобильдер мен комбайндар емес.
Ағымдағы жағдай, мемлекет басшысы атап өткендей, тамақ және жеңіл өнеркәсіпке, электроника мен аспаптарға арналған өндірістік желілерден бастап бұрғылау кешендері, тау-кен жабдықтары мен илеу станоктарына дейінгі барлық жабдықтар мен бөлшектер кешенін толыққанды өнеркәсіптік өндірудің шұғыл қажеттілігін көрсетеді.
Және бұл тек ғана президенттің сөзі емес, бизнес дабыл қағып отырған шұғыл қажеттілік: мәселен, бірқатар кәсіпорындар тиісті мемлекеттік қолдау (офтейк келісімшарттары, инвестициялық жеңілдіктер, техникалық құжаттамалар т.б.) болған жағдайда заманауи техника мен жабдықтарды өндіруге дайын екендіктерін «Ақ жол» демпартиясына хабарлауда.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ экономиканың жоғары қажеттіліктері мен мемлекеттің өндірістік саясаты және бизнестің бастамашыл жобаларын ескере отырып, «Ақ жол» демпартиясы өнеркәсіптің кең ауқымы мен өндіріс салаларында тиісті машиналар мен жабдықтарды өнеркәсіптік құрастыру туралы үлгілік келісімдер әзірлеуді ұсынады.
Құрметпен,
«Ақ жол» депутаттық фракциясы
А.Перуашев
Д.Еспаева
К.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садыков
Е.Бейсенбаев
Abai.kz