ҚазҰУ-ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлуде
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының бірі. Соңғы уақытта университет өз дамуын жалғастырып, жоғары сапалы білім мен ғылыми зерттеулерге ұмтылып, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай тудыруда.
Қазіргі таңда университет инфрақұрылымын жетілдірді, бұл жан- жақты білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Аудиторияларды, кітапханаларды, ғылыми зертханаларды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға және студенттер мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған бірнеше жаңа жобалар іске қосылды.Оқу ордамызда ғылыми зерттеулер саласында дамуды жалғастыруда. Университетте медицина, техника, экономика және технологияны қоса алғанда, әртүрлі ғылыми салаларға арналған бірнеше ғылыми орталықтар бар. Ғылыми орталықтар халықаралық университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл ғалымдардың халықаралық жобаларға және бірлескен зерттеулерге қатысуына мүмкіндік береді. Халықаралық QS рейтингінде 230-орында, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде көшбасшылық позициясын орнықтырды. QS Asia University Rankings бойынша Азиядағы үздік алғашқы 30 жоғары оқу орнының қатарында. 2022 жылы 25 шілдеде ел Үкіметінің қаулысымен қарашаңыраққа «зерттеу университеті» мәртебесі берілді.
Университетіміз «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Ғылыми-технологиялық дамуды қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасы», «Инновациялық университет экожүйесі: технопарктерді, зерттеу хабтарын, инжинирингтік орталықтарды және бизнес-инкубаторларды іске асырудың сәтті кейстері» бағыттары бойынша жұмыс атқаруда.Ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы нәтижесінде, ҚазҰУ танымал әлемдік зерттеу университеттері қатарында. Университет жоғары технологиялар аумағын құрып, алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді даярлау мен инновациялық өнімдерді өндіріске енгізу платформасына айналды. Осы бағыттағы ізденістер Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстанның ғылыми-жобалық ұйымдарын тарту арқылы жүзеге асырылуда.Университетте құрылған ғылыми-технологиялық парк, инновациялық процестер орталығы мен «Жасыл технологиялар» орталығы заманауи инженерлік және ғылымды қажет ететін технологиялардың кластерін қалыптастырды. Қазіргі сәтте 290 гранттық қаржыландыру жобасы, Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында 11 жоба, «Ғылым қоры» АҚ арқылы 1 коммерцияландыру жобасы және 47 бірлескен жобаны жүзеге асыру үстінде. Кейінгі жылдары ғалымдарымыз 300-ден астам халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен іргелі жобаларды орындады. Олардың ішінде ISTC, INTAS, TEMPUS, МАГАТЭ, НАТО бағдарламалары бар.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы-ректоры Ж.Түймебаев жас ғалымдардың, талантты студенттердің шығармашылық, ғылыми әлеуетін дамытуда университет барлық қажетті жағдайды жасауда.Оның дәлелі ретінде,ҚазҰУ-да 40 жасқа дейінгі 300-ден астам жас ғалым жұмыс істейді. Олардың ішінде 49-ы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» жобасының жеңімпазы. Көпшілігі әлемнің жетекші университеттері мен орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтті. Жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері Қазақстанда және шетелдерде жоғары бағаға ие.Оқу ордамыздың басшылығының бастамасымен құрылған «Жас ғалымдар кеңесі» бар. Жас ғалымдар кеңесі университет қабырғасында ғылыммен айналысатын жас маман өкілдерін біріктіруші бірлестік болып табылады. Жас ғалымдар: постдокторанттар, PhD докторанттар және жас буын магистранттар. Барлығы университетіміздің және еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында негізін қалаушы кірпіш іспеттес.Қазіргі таңда жас ғалымдар кеңесі аясында атқарылатын жұмыстар жас ғалымдардың кәсіби тұрғыда дамуына, өзекті ғылыми мәселелерді шешуге және еліміздегі басым ғылыми бағыттарда зерттеу жүргізуге, сонымен қатар жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту үшін олардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Жыл сайын іс-шаралар жоспары шеңберінде дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, ғылыми жетістіктері және тәжірибелерімен бөлісу үшін ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, арнайы тәжірибелік сағаттар өткізіледі. Университетте сапалы білім алғысы келетін әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар.Профессорлық-оқытушылар құрамы да ел болашағы болар жас мамандарды әрқашан қолдауға дайын.
Рахметова Т.А.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы
Чжан Тао.
Қытай Халық Республикасы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы
Abai.kz