Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 725 0 пікір 27 Ақпан, 2024 сағат 13:08

Павлодар облысында қысқы жолдарды күтіп ұстау қалай жүргізілуде?

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биылғы қыстың тосын сыйға толы болғанын айту керек: қалың қар, боран, жаңбыр. Жолдарда қар немесе көктайғақ бар.

Өңірдегі «Қазавтожол» филиалдың жауаптыларының айтуынша, қазір  Павлодар облысы бойынша  70 дана  заманауи техника жұмыс істеп тұр. Жол бойында 170  жуық адам тынымсыз еңбек етуде. Олар  барлық бағыттағы  жолдарды күні-түні  тазалауда. Қыс мерзімі басынан Павлодар аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарға көктайғаққа қарсы 7 593 тонна  құм мен тұз себілген.

Жалпы ұзындығы 1 662 шақырым жолдарға «Атамекен-Иртышск-Русская Поляна гр.РФ», «Омск-Майкапчагай», «Калкаман –Баянаул-Умуткер», «Павлодар –Успенка», «Атамекен-Аксу-Коктобе-Курчатов» тас жолдарының учаскелері кіреді.

Сондай-ақ, биылғы жылы ауа-райының нашарлауы кезінде және барлық көліктер үшін қозғалысты шектеу кезінде Шідерті кентіндегі «Ақ-Жол» жол бойындағы кешенге жылу пункті берілді.

Жол пайдалану учаскелерінің басшылары әрдайым өзінің қарайтын аумағын жіті бақылауда ұстап, жолшылар мен арнайы техниканы қажетті жерлерге жолдап отырады, сондықтан тазалау жұмыстары уақтылы жүргізіледі.

Биылғы қыс мерзімінде Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 79 есеге көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Оның ішінде «Қазавтожол» Павлодар облыстық филиалының бастамасымен 31 шектеу, көршілес облыстардың бастамасымен 48 шектеу орын алды.

Алайда, жол тазалайтын арнайы техника саны жеткіліксіз. Жабдық жүктемені көтере алмай, істен шығады . Жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтың бос тұруын күту техникалық қызмет көрсету мерзімін бұзады.

Жолдарымызды қысқы күтіп ұстауды Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Павлодар филиалының мамандары қадағалайды.

Жыл басынан бері біздің инженерлер қысқы жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру үшін 19 рет барды. 6 жол жөндеу учаскесі тексерілді. Тексеру барысында 7 жол учаскесінде қар мен көктайғақ түріндегі ақауларды анықтадық. Олардың көпшілігі дер кезінде жойылады, - деді филиал инженері М.Ниязов.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ПОҚ Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, автомобиль жолдарын жабу/ашу туралы шешімдер қабылдайды, одан кейін Павлодар облысының Төтенше жағдайлар қызметі 112 қызметі арқылы халықты хабардар етеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320