Мұхтар Шаханов. Екі Шыңғыс өнегесі және мәңгүрттік қасіреті
(Бішкекте, аға-досым Ш.Айтматовтың
қайғылы қазасында оқылған жыр)
«Екі Шыңғыс ғұмыр кешті мына
ұмытшақ ғаламда,
Екі дара із қалдырды олар елге, заманға.
Екеуі де дарынымен, жалынымен лаулады,
Бірі қылыш, найза кезеп, бірі рухпен баурады.
Екеуі де сан миллион адамдарды жаулады,
Екеуін де еске сақтап қалды қырғыз таулары.
Оның бірі – даңқ көгіне зорлығымен тырмысқан,
Жарты әлемді қан қақсатқан
бас қолбасшы Шыңғыс хан.
Екіншісі – қару еткен рухи-намыс қанатын,
Қара күшке қарсы қойған зор адами санатын,
Әр жүректің айдынында ізгілік боп жанатын,
Жаңа Манас – ұлы Шыңғыс Айтматов болатын...
Ол көтерген мәңгүрттену мәселесін алалық,
Неге қазір сол қасірет емес мұңлы жаңалық?
Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,
Нақ бір қажет игіліктей жатыр жұртқа таралып.
Қалың елді осы індеттен сақтандыру мүмкін бе?
Үш-төрт қазақ, қырғызыңның бірі мәңгүрт
бұл күнде.
Ұлттың жеткен жері осы ма қанша ғасыр
жол жүріп?
Мәңгүрт емес басшы көрсе таң қалатын
болды жұрт.
Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,
Кінәлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар...
Қаптап кетті өлкемізді әңгүдіктер - әңгүрттер,
Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мәңгүрттер.
Бұл бағытпен мүмкін бе ертең
ұлттың ұлт боп қалмағы?
Міне, Айтматов ойларының салмағы
мен толғағы...
P.S.
Сені өлді деп кім айтады Шыңғыс аға,
Шың аға,

Әр шығармаң қайталанбас жеке, ұлы мұнара.
Жетінші рух түйсігінің жотасынан жағар от,
Сендей дос жоқ мен сорлыға,
сенен жақын аға жоқ.
Көз жұмуың ұлғайтқанмен жүрегімнің жарасын,
Тынбай жалғай бересің сен ел мен елдің арасын.
Иә, екінші Манассың сен, Манаспен тең данасың.
Күнде рухпен, сөзбен емдеп мәңгүрттердің
санасын
Және ана-табиғатпен тауып мәңгі жарасым,
Енді Алатаудан да зор
ШЫҢҒЫС-ТАУ боп қаласың!»
14-маусым, 2008 ж.
Abai.kz