Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
1298 8 пікір 29 Ақпан, 2024 сағат 17:02

Президент ауылды дамытуға ерекше көңіл бөледі – AMANAT

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» партиясыфракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Жоба өз тиімділігін көрсетуде.

Бүгінде шамамен 80 млрд теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын 12,7 мың шағын несие берілді.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT»Төрағасы Ерлан Қошанов ауылды дамыту мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Осы орайда, партия қоғамда кең қолдау тапқан «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» сынды екі жоба әзірледі. «Ауыл аманаты» жобасыауылды дамытудың жаңа драйвері. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай жоба аясында 1 млн ауыл тұрғынын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Алғаш рет ел тарихында аталған мақсатқа 1 триллион теңге көлеміндеқомақты қаражат бөлінді.

«Ауыл аманаты» – Президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба. Онда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартудың нақты әрі түсінікті тетіктеріқарастырылған. Ең бастысы, қаражаты толық шешілген. Бір жылдың ішінде жобаның тиімділігін көріп отырмыз. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыруғатиіс. Негізгі міндет те осы болуы керек», деді ол.

Өз кезегінде, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмыспен қамтылған азаматтар санын арттыруға арналғаннақты жоспармен бөлісті. Ал Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровфракция мүшелерін жобаның негізгі көрсеткіштері туралы хабардар етті. Отырыс барысында бейне конференция режимінде бірқатар өңірдің өкілдері сөз алып, жобаны жергілікті жерде жүзеге асыру мәселесінеқатысты пікір білдірді.

Талқылау барысында Мәжіліс Спикері өңірлер арасындағы қаржылық теңгерімсіздікке назар аударды. Былтыр жалпы несиесомасының 43,9 млрд теңгесі Жамбыл және Түркістан облыстарына берілді. Алайда небәрі 1 миллиард теңге алған аймақтар да бар. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Үкімет ірі ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға тиістікөңіл бөлмейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ол«AMANAT» партиясы жанындағы жобалық кеңсе былтыр ауыл шаруашылығындағы жекелеген салалардың экономикалық бағдары мен даму әлеуетін анықтау үшін 166 ауданда, 16 шағынқала мен 2 260 ауылдық округте скрининг жүргізгенін еске салды.  

«Болашақта барлық кем-кетікті ескеру қажет. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін алдағы кезеңде кемінде жыл сайын 50 мың жұмыс орнын ашып отыруға тиіспіз. Қағаз бетіндегі әдемі цифрлардың қажеті жоқ деп санаймын. Бастысы – жұмыссыз ауыл тұрғындарын тұрақты еңбекпен қамту», деді Ерлан Қошанов.

Жиынды қорытындылай келе, «AMANAT»Төрағасы жоба аясында несие берудіцифрландыру процесін жеделдетуді, мал сатып алу және техникамен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды, статистика деректерінбірыңғай стандартқа келтіруді, сондай-ақ ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысы партия фракциясының ерекше бақылауында болады.

Іс-шара аясында фойеде Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Ауыл аманаты» ақпараттық жүйесі таныстырылды. Платформа «Ауыл аманаты» бағдарламасына онлайн режимде өтініш беруге және ол өтініштің жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде платформа қанатқақты режимде жұмыс істейді. Биыл шілдеде платформа толық іске қосылады.Сондай-ақ, фракция мүшелері «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерімен танысты.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Суретті түсірген: Жаслан Жұмабеков, Әли Ғалым.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963