Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5719 0 пікір 31 Қазан, 2013 сағат 19:35

Жастармен жұмыс жанданады

27- 28 қазан күндері Павлодар қаласында ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі 16 - шы отырысы болып өтті. Отырыс аясында семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бұл семинарға облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары мен елдің әр түкпірінен 250 - ден астам жастар ресурс орталықтарының жетекшілері қатынасты. Аталмыш маңызды кездесуге облысымыздан жеті ресурс орталық жетекшілері мен облыстық білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармалары өкілдері қатынасты. Көшпелі отырысты ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің хатшысы А.Абай ашып жүргізді. Кеңесте ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Әбенов, ҚР Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ғ.Оспанқұлов, және ҚР Парламенті депутаттары А.Соловьева және тағы басқалары сөз алып, жастар саясатының тұжырымдамасы жайында өз ойларын ортаға салды.

Ал, семинар-тренингте Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының директоры Ж.Боқанова, тренерлер А.Емелин, С.Белов, Ж.Кәримовалар ресурс орталық жетекшілеріне «Жастар ресурстық орталықтарының тұрақты дамуның: олардың қазіргі қалпы және даму келешегі» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді. Екі күнге созылған семинар жиынында жетекшілер бюджетті жоспарлау, жастармен жұмысты ұйымдастыру, ҚР жастар саясаты туралы заңы аясында көптеген келелі басқосулар ұйымдастырылды. Көшпелі отырыс кезінде көшбасшы жастар елімізде тұңғыш рет Елбасының бастамасымен ашылған «Жастарға қызмет көрсету орталығы» мекемесіне бас сұғып, мекеменің жұмыстарымен танысты.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965