Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 10657 0 пікір 31 Қазан, 2013 сағат 19:45

Діни экстремизмге жол жоқ!

Қарашаның алғашқы күні аудандық Мәдениет үйінде «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу» тақырыбымен аудандық конференция болып өтті. Конференцияға жергілікті атқарушы және құзырлы органдардың өкілдері, аудан имамдары, ардагерлер, учаскелік, мектеп инспекторлары, білім беру, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпараттық құрал өкілдері, жастар, шырақшылар мен қараушылар, барлығы 230 делегат қатынасты.
Конференцияны аудан әкімі Темірбек Асауов ашып, облыстан келген қонақтармен, конференцияның күн тәртібімен таныстырды. Аудан әкімі Т.Асауов қысқаша сөз сөйлегеннен кейін конференцияның негізгі мақсатын атап өтті. Яғни: саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда діни идеологияның ұлт, қоғам өмірінде әр түрлі қызмет атқарып отырғандығын, соның шінде біздің жастарымыздың қазіргі өмірге, дінге деген көзқарасын нақтылап, жастар мәселесімен тікелей айналысатын, бей-жай қалмайтын тұлғалардың басын қосып, жастарымызды діни экстремизмнің арбауынан сақтау, бойларына имандылық дарыту. Дін атын жамылған экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу.

Конференцияда Форт-Шевченко орталық мешітінің имамы Опа қажы Жүсіп «Ғайбат айту - Қағбаны бұзғаннан да ауыр күнә», «Әл-Фатима» қайрымдылық қорының төрайымы Күнзила Әмин «Әйел және дін», облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Иса Есенәлі «Қазақстандағы ислам дінінің даму ерекшелігі», «POSITIVE AKTAU” жастар қоғамдық қорының директоры Ариф Ахмедов «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендермен жұмыс жүргізу әдісі», облыстық жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов «Иманды жастар - мемлекет тірегі», «Түпқараған аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсім Рамашева «Үкіметтік емес ұйым және жастарды имандылыққа тәрбиелеу», аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру мәселесі», облыстық діни істер Департаменті директорының міндетін атқарушы Ерлан Есбергенов «Діни экстремизмге жол бермеу – басты міндет» тақырыптарында баяндамалар жасады. Сол сияқты Мұнайлы ауданының имамы Айдос Мүташев сөйлеген сөзінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Хадистері мен осы қазіргі жағдайлардан мысалдар келтіре отырып, Әбу Ханифа мазхабын ұстанып, жат ағымдардан аулақ болу туралы жақсы пікірін білдірді. Аудан басшысы конференцияны қорытындылап сөз сөйлегеннен кейін Үндеу қабылданды.
Конференция барысында жалпы жастар мен жасөспірімдердің арасында осындай тақырыптар негізінде көптеген кездесулер өткізу, діни білімдерін толықтыру, қайда болмасын дін жолын ұстанам деген жастарға мешітке барып, имамдардан сабақ алу, білмегенін сұрау, үйрену керектігі, басқа адамдардың жетегіне, басқа ағымдарға еріп кетпеу, осы бастан олардан аулақ болу, ата-ананы сыйлаумен қатар ата-бабамыздың ұстаған діні мен жолын, салт-дәстүрін ұстану, одан таймау, Елбасымыз әрдайым қайталап айтып жүргендей, халықтар арасында ауызбірлік пен ынтымақты, ұлттық құндылықтарды сақтау, туысқандық, бауырмалдыққа баулитын қағидаттарды бойларына сіңіру, ел қауіпсіздігіне нұқсан келетін, қауіп төндіретін жағдайлардан аулақ болу туралы көптеген құнды пікірлер айтылды. Біздің ойымызша конференция өз мақсатына жетті деп есептедік.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965