Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 871 1 пікір 11 Наурыз, 2024 сағат 17:35

Алдың ала тыңдалымда Бишімбаев өз кінәсін мойындамады

Бүгін Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Әйелін өлтірді деп айып тағылған экс министрдің бұл ісі қоғамда үлкен резонанс тудырған. Нүкенованың өлімінен кейін барша БАҚ өкілдері министр жайлы ақпараттарды іздестіріп, желіде желдей шулатқан болатын. Аталмыш оқиғаның маңыздылығы қоғамдағы әйел құқығын қорғау жайлы жаңа заңдардың қалыптасуына дейін жалғасуда.

Бүгінгі алдын ала тыңдалымда мемлекеттік айыптаушы бірнеше мәлімдеме жасады.
– Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелген.

– Бишімбаев жәбірленушінің барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық тәуелді етті.

– зорлық-зомбылық және жүйелі физикалық зорлық көрсеткен.

– 2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы ұрған.

–  Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған, бірақ ағасы ажырас дегенде бас тартқан.

– 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшу керектігін айтады. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келіскен. Алайда Бишімбаев әйеліне оған физикалық күш көрсетуді жалғастырды.

Бүгінгі тыңдалым кезінде Бишімбаев өзіне тағылған айыпты түсініп, бірақ оны мойындамайтынын ашып айтты.

Еске сала кетейік, күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Abai.kz

1 пікір