Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3573 23 пікір 12 Наурыз, 2024 сағат 16:39

Ұлт тіліндегі мектептердің жоғалуы

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Әр халықтың ғұмырлы болуы - тіліне байланысты. «Сөзі жоғалған елдің, өзі де жоғалады» дегені бар Ұлы Ахмет Байтұрсынұлының. 

Бұл шындық. Тілін жоғалтқан ұлт, дәстүрін де, әдеп-ғұрпын да, салтын да, тіпті, ата-бабасынан келе жатқан діни наным-сенімін де жоғалтады. Мысал ретінде айтатын болсақ: Көрші Ресей Федерациясының құрамындағы, ұлттық құрылымдар, ұлт өкілдері қоныстанған  республикалардың көпшілігі, өзінің ана тілінен айырлып қалған ұлыстар.

Бұл елдердегі, ұлт тіліндегі мектептер түгел дерлік қазақ тіліжабылып қалған деуге болады. Ана тілдері тек факультативтік сабақ ретінде өтеді. Аптасына бірнеше сағат. Бірақ, оған мемлекет жалақы  төлемейді. Сондықтан, оған мұғалімдердің баруы да, жоқтың қасы. Осы аса үлкен мемлекеттегі көптеген республикалардың тек атауы ғана қай ұлттікі екенін көрсетіп тұрғанымен, ондағы  мекендеген ұлттар баяғыда-ақ жоғалған. Егер нақтырақ  көрсететтін болсақ: Карелия, Урдмурт, Шуваш, Қалмақ, Коми, Мордва, Хакас, Тува, Якут тағы басқа, кезінде ұлт болып саналған  халықтар, кейінгі жиырма жылда өздерін ұлт ретінде тұтасымен жоғалтты.  Енді бұлардың ұлт болып қайта қалпына келуі екіталай дүние. Тіпті, татардың өзі ана тілін, 60-70 пайызға жоғалтқан.  Бұл елдерде: Мемлекеттік іс жүргізу, кәсіп ашу, ғылым-білім саласы, мектептер мен бақшалар, сондай-ақ, туризм, спорт саласы тұтасымен орыс тілінде. Яғни, ұлттық тілдерді ығыстырып  шығарған. Қандай өкінішті! Дәлірек айтқанда, солтүстіктегі көрші мемлекет - сары орыстар мен  қара орыстардың өлкесіне айналған. Осы елде өзінің тәуелсіздігі мен тілі үшін, дәстүрі мен діні  үшін күресетін кішкентай Косовалық күш те қалмаған. Сұмдық қой! Тек, кавказдық республикалар  ғана әзірше өздерін сақтап тұр.

Ал, бізде қалай? Біздің елде де, солтүстік облыстар мен Павлодар жағы, әлі күнге дейін орыс  әлемінің құшағындағы өңірлер деуге болады. Тіпті, бұл өлкелерді басқарып отырған әкімдердің  өздері, ұлттық кадрлар деуге ауызың бармайды.

Экс-президенттің тұсында, алпысқа жақын аудандар мен кішігірім қалалардың аттары өзгерген  екен. Елдімекен - округтердің атауларының қазақшалануы одан да көп. Мектептер мен мәдениет ұжымдарының төл тілімізде атау алуы жүз-жүздеп саналады. Тарихымызға, ұлттық дәстүрімізге  мойын бұрған, қаншама Рухани Жаңғырулар болып өтті. Осы істер арқылы, талай ғасыр басылып  қалған, қазақ халқы қайта жанданып, дүниеге келгендей болды. Әрине, жіберген кемшіліктер де жоқ деуге болмас. Мұны айтып та, көрсетіп те жатыр.  Дегенмен, ұлтымыздың халық болып, шынайы серпіліп қалғаны шындық. Отыз жылда шашылмаған қазақтың жастары, шартарап елдеріне қаша бастады. Елде, жұмыс та, табыс та жоқ. Не ашылып жатқан  өндіріс орындары мен кәсіпорындарын көрмейсің. Кішігірім реформа жасалынып, инвестиция тартылып жатқанымен, іске қосылып жатқан завод, фабрикалардың атын естімейсің. Бірен-саран болмаса.

Есть слово Павла Верещагина: (из кинофильма «Белое солнце пустыни») - Обидно за державу!   Это слово, всегда приходит мне в мысль. Такая огромная и богатая республика в мире, но досих пор, больше тридцати лет не можем поднять республику в экономическом и социальном направлении. В республике национальной идеологии тем более нет! Обидно! Очень обидно!

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364