Маңғыстау облысында бала өлімі 23 пайызға төмендеген
Маңғыстау облысында сәбилердің өлім-жітімі 23 пайызға төмендеді.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.
«Денсаулық сақтау саласындағы ахуал айтарлықтай жақсарды. Оған соңғы 3 жылдағы негізгі көрсеткіштер дәлел. Сәбилердің өлім-жітімі 23 пайызға, ана өлімі 7 есеге кеміді. Сонымен қатар туберкулезбен ауру деңгейін 17,5 пайызға төмендету мүмкін болды»,-деді облыс басшысы.
Сонымен қатар ол денсаулық сақтау ұйымдарының желісін арттыруға қол жеткізілгендігін атап өтті. Биылғы жылы Мұнайлы аудандық емханасы пайдалануға берілді. Ал Жаңаөзенде перзентхана мен емхананың құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, 9 дәрігерлік амбулатория мен облыстық аурухананың кардиохирургиялық блогы тапсырылмақ.
Abai.kz